Аграрлық несие корпорациясы алғаш рет қаржыландыруды көктемгі егіс жұмыстары басталмас бұрын, дәлірек айтқанда, 2024 жылдың қараша айында бастады. Өткен жылдың соңына дейін шамамен 100 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы ОКҚ баспасөз конференциясында «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Тимур Аяпбергенов мәлімдеді.