Еліміздің Энергетика министрлігі биылғы егіс науқанына 401 мың тонна арзандатылған дизель отынын бөлді. Дизель отынын тиеп-жөнелту бойынша мұнай өңдеу зауыттарына облыстарды бекіту кестесі және бағасы айқындалды. Операторлардың шығындарын ескере отырып, шаруалар үшін түпкілікті баға литріне 254 теңгені құрайды, бұл нарықтан 15%-ға арзан. Қазір нарықтық баға литріне 295 теңгені құрап отыр. ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүрековтың ОКҚ брифингінде мәлімдегендей, кестеге сәйкес ақпан-сәуір айларына дизель отынын жөнелту жоспарына сәйкес 94 мың тоннаға шарттар жасалды және төленді, 74 мың тоннасы шаруаларға жөнелтілді.