Күн жаңалықтары
14.04.2025
Жарияланымдар · 11
«Ұлы дала жорығы» марафонына әлемнің 15 елі қатысады
2025 жылдың мамыр айында Алматы облысында өтетін «Ұлы дала жорығы» халықаралық марафон-бәйгесіне дайындық жүріп жатыр. 500 шақырым қашықтықты қамтитын марафонға 15 жуық ел қатысады деп күтілуде. Ресей, Қырғызстан, Түркия, Иран, Мажарстан және тағы басқа елдерден спортшылар келеді. Бұл шара тек спорттық тұрғыдан ғана емес, еліміздің мәдениеті мен тарихын насихаттау мақсатында да үлкен маңызға ие, деп хабарлайды өңір әкімдігі.
Арменияда Қазақстанның мәдени күндері өтеді
Биыл 18-19 сәуір күндері аралығында Ереван қаласында Қазақстан Республикасының Армения Республикасындағы мәдени күндері өтеді, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.
Мемлекет басшысы Chevron корпорациясы директорлар кеңесінің төрағасы Майкл Уиртті қабылдады
Кездесу барысында Қазақстан Президенті мен америкалық Chevron энергетикалық корпорациясы директорлар кеңесінің төрағасы стратегиялық әріптестіктің қазіргі ахуалы мен перспективасын талқылады.
KazАК бас директоры: біз авторлар мен композиторлардың мүдделерін қорғауға міндеттіміз
Meta компаниясы мен «Қазақстан авторлар қоғам» РҚБ (KazАК) арасындағы сындарлы өзара іс-қимылдың арқасында тараптар Instagram және Facebook платформаларында қазақстандық музыканы пайдалану мәселесін реттеген шартқа қол қойды. KazАК бас директоры Айнұр Есендікова келісімде қандай мәселелер қамтылғанын ОКҚ алаңында айтты.
Қазақстандық музыка әлеуметтік желілерге оралды: тиісті келісімге қол қойылды
Өткен жылдың қараша айында қазақстандықтар отандық авторлардың музыкасы әлеуметтік желілерден жоғалып кеткенін байқады. Шектеулер авторлық құқықты сақтау қажеттілігіне байланысты болды. Халықаралық және ұлттық заңнама авторлармен тікелей немесе олардың мүдделерін білдіретін ұйымдармен шарттардың болуын талап етеді. Мұндай келісімдер болмаған жағдайда цифрлық платформаларда музыканы пайдалану мүмкін емес. Лицензиялық келісімдерді қолдану мерзімінің аяқталуы қазақстандық музыкалық шығармалардың қолжетімділігін уақытша шектеуге әкеп соқтырған. ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында Әділет министрлігінің өкілдері мәселені шешу үшін Meta компаниясымен жүргізілген келіссөздер процесі туралы айтты.
Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және сақтау туралы заң жобасы әзірленді
Зияткерлік меншік құқығын қорғау аясына өнертабыстар, тауар белгілері, фильмдер, кітаптар және музыка кіреді. Авторлық құқық объектілерін заңды пайдалану үшін автордың рұқсаты керек. Авторлық құқық саласындағы ұлттық заңнама мен халықаралық конвенциялар музыкалық шығармаларды, мысалы, интернетте немесе әлеуметтік желілерде пайдалану үшін авторлардың немесе құқық иесінің рұқсаты керек екенін анық белгілейді. Зияткерлік меншік комитетінің төрағасы Шолпан Әбдірееваның ОКҚ алаңында хабарлағандай, заңнамада туындыларды авторлардың келісімінсіз және сыйақы төлемей, пайдалануға рұқсат етілген еркін пайдалану жағдайы қарастырылған. Бұл жағдай нақты реттелген.
Мемлекет басшысы Ұлттық бітімгерлік контингентінің әскери қызметшілерімен кездесті
Президент БҰҰ Голан жоталарындағы бітімгерлік миссиясын жүзеге асыру барысында көрсеткен ерлігі үшін бір топ әскери қызметшіні марапаттады
Қазақстандық оқушылардың жобасы әлем үздіктерінің қатарында: алматылық оқушылар NASA байқауында жеңіске жетті
Алматы қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің екі командасы NASA және АҚШ Ұлттық ғарыш қоғамы (National Space Society) ұйымдастырған Space Settlement Contest 2025 халықаралық байқауында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.
Еліміздегі 125 теміржол вокзалында қайта жаңғырту жұмыстары басталды
2025 жылғы 14 сәуірден бастап еліміздің барлық өңірінде 125 теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары басталды, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігі.
Ұлттық энергетиканы жаңғырту ұлттық жобасы аясында 1,6 мың шақырым жылу желілері жаңартылады
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елімізде энергетика саласын дамыту шаралары жүзеге асырылып келеді. Аталған тапсырманы орындау аясында 2024-2025 жылдардағы күзгі-қысқы кезең аяқталды, сондай-ақ инфрақұрылымды ауқымды жаңартуға және «жасыл» энергетиканы дамытуға дайындық жұмыстары басталды, деп хабарлайды Primeminister.kz.