Meta компаниясы мен «Қазақстан авторлар қоғам» РҚБ (KazАК) арасындағы сындарлы өзара іс-қимылдың арқасында тараптар Instagram және Facebook платформаларында қазақстандық музыканы пайдалану мәселесін реттеген шартқа қол қойды. KazАК бас директоры Айнұр Есендікова келісімде қандай мәселелер қамтылғанын ОКҚ алаңында айтты.