Өткен жылдың қараша айында қазақстандықтар отандық авторлардың музыкасы әлеуметтік желілерден жоғалып кеткенін байқады. Шектеулер авторлық құқықты сақтау қажеттілігіне байланысты болды. Халықаралық және ұлттық заңнама авторлармен тікелей немесе олардың мүдделерін білдіретін ұйымдармен шарттардың болуын талап етеді. Мұндай келісімдер болмаған жағдайда цифрлық платформаларда музыканы пайдалану мүмкін емес. Лицензиялық келісімдерді қолдану мерзімінің аяқталуы қазақстандық музыкалық шығармалардың қолжетімділігін уақытша шектеуге әкеп соқтырған. ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында Әділет министрлігінің өкілдері мәселені шешу үшін Meta компаниясымен жүргізілген келіссөздер процесі туралы айтты.