Күн жаңалықтары
17.04.2025
Жарияланымдар · 13
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті
Президенттер Қазақстан мен Ресейдің көпжақты ынтымақтастығы дәйекті түрде дамып келе жатқанын атап өтіп, бұған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтардың орындалу барысын талқылады.
ШҚО-да Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай жаңа мұражай мен Қасым Қайсеновке арналған мурал пайда болады
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай Ұлан ауданының орталығында №9 үйдің қасбетінде Халық қаһарманы Қасым Қайсеновке арналған мурал – арт-нысан (қабырғаға салынған батырдың суреті) орналастырылады. Бұл мурал ауылдың мәдени жаңғыруының символына айналады, деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі.
Мемлекет басшысы ҚХА Төрағасының орынбасарларын қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының жаңадан тағайындалған орынбасарлары Дмитрий Останькович пен Расул Ахметовті қабылдап, қызметтеріне табыс тіледі.
Экономиканың өсуіне жаңаша серпін: Олжас Бектенов Қордайдағы көлік-логистикалық кешен салу жұмысының барысын тексерді
Премьер-министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Жамбыл облысында болып, мультипликативтік әсері бар бірқатар ірі жобаны жүзеге асырылуын мысалға ала отырып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуымен танысты, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Сатып алу рәсімдерінің қорытындыларына қатысты шағымдар саны азайды
Елімізде 2025 жылдың алғашқы тоқсанында 5 трлн теңгеге сатып алу рәсімдері өткізілді. Былтыр I тоқсан қорытындысы бойынша 1,5 трлн теңгеге шарт жасалса, ағымдағы жылы 4 трлн теңгеге шарт жасалды. Яғни, биылғы көрсеткіш шамамен 2,5 есеге артық. Бұл – сатып алу процестерін оңтайландырудың нәтижесі. ҚР қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбеил ОКҚ брифингінде осылай деді.
Сатып алу рәсімдерінің мерзімдері айтарлықтай қысқарды
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Заң салада көрсетілетін қызметтердің сапасын көтеруге бағытталған. Әлеуетті жеткізушілер туралы ақпарат мемлекеттік органдардың деректер қорынан алынады. Бұл құжат отандық тауар өндірушілерді қолдауды көздейді. ҚР Қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбеил ОКҚ алаңында «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңдағы жаңашылдықтар туралы айтты.
Президент Астана және Қазақстан митрополиті Александрды I дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады
Мемлекет басшысы митрополит пен барша православ қауымын Пасха мерекесімен құттықтады.
Төлежан Барлыбаев Қазақстанның Украинадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды
Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшісінен сенім грамоталарын қабылдады
«Ақорда» резиденциясында жеті мемлекеттің төтенше және өкілетті елшілерінің Қазақстан Президентіне сенім грамоталарын табыстау рәсімі өтті.
Қазақстанда Жасанды интеллектті дамыту стратегиясы әзірленіп жатыр
Қазақстанда жасанды интеллект қарқынды дамып келеді. Бүгінгі таңда бұл жұмыс үш бағыт бойынша жүргізілуде: Институционалдық база, Технологиялық инфрақұрылымды дамыту және адами капиталды дамыту. ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР ЦДИАӨМ Жасанды интеллект және инновацияларды дамыту комитетінің төрағасы Ғиззат Байтұрсынов әр бағыттағы жобалар туралы айтып берді.
Ұлттық кітап күніне арналған іс-шаралар апталығы басталды
Ұлттық кітап күні аясында өтетін іс-шаралар апталығы басталды. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында «Ұлт және ұлттық кітап» атты ашық есік күні өтті. Іс-шараның мақсаты – қаламгер, кітап және оқырман арасындағы байланысты нығайтып, мәдени-рухани құндылықтарды қоғамға жан-жақты насихаттау, интеллектуалды жастарды ынталандыру, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Жол саласына жаңа технологияларды енгізу: 2025 жылға арналған жол ғылымының негізгі бағыттары мен жоспарлары
АҢДАТПА!