Негізгі мазмұнға өту

Күн жаңалықтары

18.04.2025

Жарияланымдар · 16

Мемлекет басшысы Маңғыстау облысы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін марапаттады

20:00Жаңалықтар

Мемлекет басшысына Маңғыстау облысындағы инвестициялық жобалар таныстырылды

Өңірдегі ірі инвестициялық жобалар қатарында Ақтау қаласындағы қуаты 160 МВт болатын бу-газ қондырғысының құрылысы, мультимодальды логистикалық-авиациялық хаб, кеме құрастыру верфі, бекіре балығын өсіру және уылдырық өндіру шаруашылығы, «Бозжыра» визит орталығын салу, сондай-ақ аммиак-карбамид кешенін іске қосу секілді елеулі жобалар бар.

19:01Мемлекет басшысының қызметі

Мемлекет басшысы Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңес өткізді

Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында Қасым-Жомарт Тоқаев өңірді дамыту және тұрғындардың әл-ауқатын арттыру бойынша бірқатар міндеттер қойды.

18:23Мемлекет басшысының қызметі

«Таза Қазақстан»: @TazaQazBot телеграм-чат-ботына 16 мыңнан астам өтінім түсті

Ең көп өтініштер Алматы, Астана және Түркістан облыстарының тұрғындарынан түскен. Ұлытау, Павлодар және Атырау облысы тұрғындарының белсенділігінің төмендігі байқалады, деп хабарлайды Экология және табиғи ресурстар министрлігі.

15:55Жаңалықтар

Президент Маңғыстау өңіріндегі көлік-логистика инфрақұрылымының даму барысымен танысты

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның транзиттік әлеуетін дамытуда маңызды рөлге ие басты логистикалық хабтың бірі – Ақтау халықаралық теңіз портына барды.

15:31Мемлекет басшысының қызметі

Елімізде Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі тұжырымдама бекітілді

Елімізде Қоғамда заң және тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025-2030 жылдарға арналған тұжырымдама бекітілді. Тиісті қаулыны Үкімет қабылдады. Құжат қоғамда құқықтық мәдениет деңгейін нығайтуға және азаматтардың заңдарды сақтау маңыздылығын түсінуіне бағытталған, деп хабарлайды Primeminister.kz.

15:15Президенттің тапсырмалары

Ақтөбе облысында жылына 2000 тонна шикізатты өңдейтін жүн өңдеу зауыты іске қосылады

Ақтөбе өңірінде жүн өңдеп, тоқыма емес материалдар өндіретін зауыт салу бойынша инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Зауытта жоғары сапалы өнім шығаруға мүмкіндік беретін Lap FormAir технологиясы қолданылмақ, деп хабарлайды облыс әкімдігі.

15:03Жаңалықтар

Мемлекет басшысы BS Arena спорт кешеніне барды

Президент көпфункционалды спорт кешенінің қызметімен танысты. Заманауи құрылғылармен жабдықталған нысанда халықаралық және республикалық спорт жарыстарын, сондай-ақ мәдени-көпшілік іс-шараларды өткізуге болады.

14:36Мемлекет басшысының қызметі

Мемлекет басшысы Yessenov Technopark қызметімен танысты

Қасым-Жомарт Тоқаев Шахмардан Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің аумағында орналасқан технология паркінің жұмысымен танысты.

14:11Жаңалықтар

Президент Ақтаудағы көтерме сауда-тарату орталығын аралап көрді

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Маңғыстау облысына жұмыс сапары Ақтау қаласындағы көтерме сауда-тарату орталығының жұмысымен танысудан басталды.

12:55Мемлекет басшысының қызметі

Қазақстанда жол қауіпсіздігі стратегиясы әзірленуде

Жол қауіпсіздігі стратегиясының мақсаты – бес жыл ішінде жолдағы өлім-жітімді кем дегенде 30%-ға төмендету. Жобаны ҚР Көлік министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің тапсырмасы бойынша «ҚазжолҒЗИ» АҚ әзірлейді. Құжат еліміздің жолдарындағы апатқа қарсы күрестің негізгі құралы болады деп күтілуде. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында «ҚазжолҒЗИ» АҚ вице-президенті Ерік Әмірбаев мәлімдеді.

12:00Жаңалықтар

Қазақстан жол жамылғысының жаңа стандартына көшіп жатыр

Биыл жол құрылысы маусымы аясында Қазақстанда жол құрылысына қажетті 79 жаңа материал тестілеуден өткізілмек. Бұл материалдар зертханалық сынақтан өтті және қазір нақты жол учаскелерінде тексеріледі. Бұл нәтижелер қандай технологияларды қолдануға болатынын және олардың қайсысы сынақтан өтпейтінін көрсетеді. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында «ҚазЖолҒЗИ» АҚ вице-президенті Ерік Әмірбаев мәлімдеді.

11:50ОКҚ баспасөз іс-шаралары

Қазақстанда жол-құрылыс материалдары мен көпір құрылыстарының бірыңғай базалары құрылды

ҚР Көлік министрлігі жол құрылысы мен оны күтіп-ұстау саласындағы ғылыми тәсілге ерекше мән береді. Мемлекет басшысының бастамасымен өткен жылы жол және жол құрылысы жұмыстарымен 12 мың шақырымға жуық автожол қамтылды. Биыл 13 мың шақырымды қамту жоспарда бар. Осыған байланысты ғылым тиімді, қауіпсіз және экономикалық тұрғыда негізделген шешімдер қабылдаудың негізі ретінде басты рөл атқаруға тиіс. Жол саласындағы заманауи технологиялық шешімдер туралы ОКҚ алаңында ҚР КМ Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Анар Ғабдуллина айтып берді.

11:40Жаңалықтар

Оңалтудың инновациялық құралдарын қолданудың арқасында мүгедектігі бар 170-тен астам баланың жай-күйі жақсарды

«Мүгедектігі бар балаларды үй жағдайында оңалту» жобасының іске асырылып жатқан жеті айында 247 бала оңалтудың инновациялық техникалық құралдарын алды. 178 балада оң динамика байқалады (72%), деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

11:02Жаңалықтар

Қазақстаннан Ауғанстанға 36 гуманитарлық көмек вагоны жіберілді

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстан Ауғанстан халқына гуманитарлық көмек жолдап отыр. Ауғанстанның Балх провинциясындағы Хайратон станциясында гуманитарлық жүк ауған тарапына берілді. Темір жолмен жеткізілген жүктің жалпы көлемі 2,2 мың тонна. Бұлар өсімдік майы, бидай ұны, күріш жармасы, қысқы және жазғы шатырлар, көрпелер. Зәру дәрілік заттар бар гуманитарлық көмектің бір бөлігі әуе көлігімен жіберілмек, деп хабарлайды Primeminister.kz.

10:58Президенттің тапсырмалары

Жыл басынан бері халықтың әлеуметтік осал топтарының құқықтарын қорғау мақсатында әлеуметтік инспекторлар 200-ден астам тексеру жүргізді

2025 жылдың басынан бері әлеуметтік инспекторлар 218 тексеру жүргізді, оның 99-ы жоспардан тыс, 42 – профилактикалық бақылау шеңберінде, 77 – прокуратураның талабы бойынша өтті. Тексеру қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы 94 ұйғарым берілді, 18,4 млн теңгеден астам сомаға 62 айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

09:20Жаңалықтар