2025 жылдың басынан бері әлеуметтік инспекторлар 218 тексеру жүргізді, оның 99-ы жоспардан тыс, 42 – профилактикалық бақылау шеңберінде, 77 – прокуратураның талабы бойынша өтті. Тексеру қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы 94 ұйғарым берілді, 18,4 млн теңгеден астам сомаға 62 айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.