Күн жаңалықтары
16.04.2025
Жарияланымдар · 6
Президент Қазақстан мен Кипр арасындағы сотталған адамдарды беру туралы келісімді ратификациялау туралы заңға қол қойды
Қазақстан ТЖМ әскери қызметшілері Жеңіс күніне арналған мерейтойлық шеруге қатысады
7 мамырда Астанада Төтенше жағдайлар министрлігі тарихында алғаш рет ведомствоның 170 әскери қызметшісі Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери шеруге қатысады. Олардың арасында министрдің бастамасымен құрылған «Айбат» арнайы бөлімшесінің жауынгерлері бар, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысы Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады
Президентке Парламент Мәжілісі қызметінің нәтижелері жөнінде мәлімет берілді.
Астанада II Орталық Азия медиафорумы өтіп жатыр
Форумға Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзербайжан, Тәжікстан, Түрікменстан, Ұлыбритания, Қытай, Катар, Ресей және басқа да елдерден журналистер, медиа компания басшылары, саясаткерлер, халықаралық ұйымдардың өкілдері мен беделді сарапшылардан тұратын 700-ден астам қатысушы жиналды, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.
Елімізде жел электр станциясын салуға ниетті компаниялар арасында аукцион өткізілді
Қазақстанда жаңартылған энергия көздерін дамытуға басымдық беріліп отыр. 2030 жылға дейін бұл көрсеткішті 15%-ға дейін жеткізу жоспарда бар. Өткен жылдың қорытындысы бойынша ЖЭК үлесі 7%-ға жетті. Былтыр қуаты 3000 МВт-тан артық ЖЭК іске қосылды. Биыл 400 МВт-тан астам қуат іске қосылмақ. Бұл жайында ҚР энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов ОКҚ алаңында айтты.
Энергетика министрлігі келесі жылыту маусымына дайындықты бастады
Алдағы жылыту маусымына дайындық аясында еліміздегі ЖЭО жөндеу кестесі бекітілді. Алдағы жылдың жоспарына сәйкес, 10 энергоблок, 63 қазандық пен 39 турбина күрделі жөндеуден өткізілсе, қалған құрылғылар да назардан тыс қалмайды. Мәселен, қазірдің өзінде 4 турбина, 13 қазандық пен 3 энергоблокта жөндеу жұмыстары басталып кетті. Бұл туралы ҚР энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов ОКҚ брифингінде мәлімдеді.