Қазақстанда жаңартылған энергия көздерін дамытуға басымдық беріліп отыр. 2030 жылға дейін бұл көрсеткішті 15%-ға дейін жеткізу жоспарда бар. Өткен жылдың қорытындысы бойынша ЖЭК үлесі 7%-ға жетті. Былтыр қуаты 3000 МВт-тан артық ЖЭК іске қосылды. Биыл 400 МВт-тан астам қуат іске қосылмақ. Бұл жайында ҚР энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов ОКҚ алаңында айтты.