Алдағы жылыту маусымына дайындық аясында еліміздегі ЖЭО жөндеу кестесі бекітілді. Алдағы жылдың жоспарына сәйкес, 10 энергоблок, 63 қазандық пен 39 турбина күрделі жөндеуден өткізілсе, қалған құрылғылар да назардан тыс қалмайды. Мәселен, қазірдің өзінде 4 турбина, 13 қазандық пен 3 энергоблокта жөндеу жұмыстары басталып кетті. Бұл туралы ҚР энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов ОКҚ брифингінде мәлімдеді.