7 мамырда Астанада Төтенше жағдайлар министрлігі тарихында алғаш рет ведомствоның 170 әскери қызметшісі Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери шеруге қатысады. Олардың арасында министрдің бастамасымен құрылған «Айбат» арнайы бөлімшесінің жауынгерлері бар, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.