Негізгі мазмұнға өту

Күн жаңалықтары

21.04.2025

Жарияланымдар · 12

Мемлекет басшысы Рим Папасы Францисктің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев Рим Папасы Францисктің қайтыс болғаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізді. Президенттің айтуынша, Понтифик әділет пен мейірімнің, гуманизмнің ізгі мұраттарын ілгерілетуге өлшеусіз үлес қосқан аса көрнекті рухани тұлға еді.

21:43Жаңалықтар

Қазақстан Президенті мен Түрікменстан Халк Маслахатының Төрағасы Turkistan визит орталығына барды

Меймандарға көне «Күлтөбе» қалашығының тарихи келбетін сақтау және абаттандыру жобасы туралы мәлімет берілді.

19:51Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гурбангулы Бердімұхамедов «Этноауыл» кешеніне барды

Мемлекет басшысы мен Түрікменстан Халк Маслахатының Төрағасы «Әзірет Сұлтан» музей-қорығының аумағында орналасқан ұлттық-мәдени кешенді аралап көрді.

19:49Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гурбангулы Бердімұхамедов Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гурбангулы Бердімұхамедов түркі тілдес елдерге ортақ ең көрнекті рухани және тарихи-мәдени ескерткіштердің бірі, ЮНЕСКО Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне барды.

17:56Мемлекет басшысының қызметі

Мемлекет басшысына елорданы көгалдандыру және абаттандыру жоспары таныстырылды

Жеңіс Қасымбек биыл Астана қаласында 1 миллионнан астам түп жасыл желек егу жоспарланғанын айтты. Сонымен қатар 180-нен аса қоғамдық кеңістік пен ауланы абаттандыру көзделіп отырғанын жеткізді.

14:13Жаңалықтар

Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» экологиялық фестивалінде сөз сөйледі

14:11Мемлекет басшысының қызметі

Мемлекет басшысы «Жастар» саябағында ағаш екті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» экологиялық фестивалі аясында Астана қаласындағы «Жастар» саябағында экобелсенділермен бірге ағаш екті.

11:19Жаңалықтар

«Таза Қазақстан»: Қазақстанда экологиялық шаралар марафоны басталады

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында 21-26 сәуір аралығында елімізде ауқымды іс-шаралар өтеді. Тақырыптық апта Астанада еріктілердің, белсенділердің, стартаперлердің, ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың қатысуымен «Таза Қазақстан» бастамасын іске асырудың бірінші жылының қорытындыларына арналған республикалық экофестивальден басталады, деп хабарлайды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі.

09:58Президенттің тапсырмалары

Бүгін Мемлекеттік күзет қызметі қызметкерлері кәсіби мерекесін атап өтеді

21 сәуір – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің құрылған күні. Мемлекеттік күзет қызметінің миссиясы маңызды әрі жауапты – мемлекеттің жоғары лауазымды тұлғалары мен шетелдік қонақтардың, стратегиялық объектілер мен мемлекеттік маңызы бар іс-шаралардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

09:50Жаңалықтар

Президент бірқатар елдің елшілерін тағайындады

09:30Жаңалықтар

Ғабит Қойшыбаев ҚР Моңғолиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды

09:26Мемлекет басшысының қызметі

Италия Премьер-министрі Қазақстанға ресми сапармен келеді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 26-27 сәуір күндері Италия Премьер-министрі Джорджа Мелони Қазақстанға ресми сапармен келеді.

09:24Жаңалықтар