21 сәуір – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің құрылған күні. Мемлекеттік күзет қызметінің миссиясы маңызды әрі жауапты – мемлекеттің жоғары лауазымды тұлғалары мен шетелдік қонақтардың, стратегиялық объектілер мен мемлекеттік маңызы бар іс-шаралардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.