Негізгі мазмұнға өту

Күн жаңалықтары

28.04.2025

Жарияланымдар · 12

Президент көрсетілетін қызметтердің еркін саудасы, инвестициялардың құрылуы, қызметі және жүзеге асырылуы туралы келісімді ратификациялады

18:01Мемлекет басшысының қызметі

2025 жылғы негізгі ҰБТ-ға өтініштер қабылдау аяқталды

Тестілеу 16 мамырда басталып, 7 шілдеге дейін жалғасады. Талапкерлер негізгі ҰБТ-ны екі рет тапсырып, ең үздік нәтижесімен грант конкурсына қатыса алады. 216 мыңға жуық талапкер тестілеуге қатысуға екі мүмкіндікті есепке алғанда 399 мыңға жуық өтініш берген (2024 жылы – 186 мыңға жуық талапкер тестілеуге қатысуға екі мүмкіндікті есепке алғанда 342 мың өтініш), деп хабарлайды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі.

17:44Жаңалықтар

Мемлекет басшысы көрнекті ғалым, филология ғылымдарының докторы Сейіт Қасқабасовтың отбасы мен туған-туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады

16:32Мемлекет басшысының қызметі

Қазақстанда көктемгі егіс жұмыстары белсенді жүргізілуде: 908 мың гектар жер егілді

Қазақстанда ауыл шаруашылығы дақылдары егілген жалпы алаң 908,5 мың гектарға жетті, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.

16:10Жаңалықтар

Атырауда жұмысшы жастардың республикалық форумы өтіп жатыр

Мемлекет басшысының 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар» жылы деп жариялау бастамасын қолдау мақсатында Атырау қаласында жұмысшы жастардың республикалық форумы басталды. Форумға Алматы және Шымкент қалаларынан, Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Ұлытау, Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарынан 200-ден астам жұмысшы мамандықтар өкілдері мен студенттер қатысып жатыр, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.

15:26Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевті қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Алматы облысының 2025 жылдың бірінші тоқсанындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп берілді.

15:02Мемлекет басшысының қызметі

2025 жылғы жол-құрылыс маусымының басталуы туралы

АҢДАТПА!

14:31Баспасөз хабарламалары

БАӘ компаниясы Қонаевта қант зауытын салуды жоспарлап отыр

Алматы облысы ауқымды инвестициялық жобаның алаңына айналуы мүмкін: әлемдегі қант индустриясының көшбасшыларының бірі – Біріккен Араб Әмірліктерінің Al Khaleej Sugar компаниясы Қонаев қаласына жақын жерде қант зауытын салу мүмкіндігін қарастыруда, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.

11:38Аймақтар жаңалықтары

Бас прокуратура: қайтарылған активтер халық игілігі үшін пайдаланылуда

Түркістан облысы Ордабасы ауданы Темірлан ауылында жаңа музыкалық өнер мектебінің құрылысын бастау шеңберінде уақыт капсуласын салу рәсімі өтті. Аталған мектептің құрылысы – Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қайтарылған капиталды халық игілігі үшін тиімді пайдалану аясында Үкіметпен мақұлданған алғашқы әлеуметтік жобалардың бірі, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасы.

11:00Жаңалықтар

Қазақстан жаһандық нарықта: экспорттаушылар үшін қандай мүмкіндіктер ашылып жатыр

АҢДАТПА!

10:39Баспасөз хабарламалары

Ақмола облысында қайтарылған активтер есебінен сумен жабдықтау жүйесін салуға 1 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Үкімет заңсыз иемденілген активтерді қайтару есебінен әлеуметтік маңызы бар инфрақұрылым нысандарын салу жобаларын жүзеге асыруда. Ақмола облысындағы Қосшы және Макинск қалаларының тұрғындарын сумен қамтамасыз ету үшін Арнаулы мемлекеттік қордан қаражат бөлу туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды Primeminister.kz.

09:17Президенттің тапсырмалары

Ғұмар Серғазин ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды

09:16Мемлекет басшысының қызметі