Негізгі мазмұнға өту

Күн жаңалықтары

29.04.2025

Жарияланымдар · 9

Президент «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасы Рустам Қарағойшинді қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаевқа холдингтің былтыр атқарған жұмысы туралы есеп беріліп, биылғы жоспары таныстырылды.

15:03Мемлекет басшысының қызметі

Өткен қыста ел автожолдарында 280 астам дам құтқарылды

2024-2025 ж. қыс мезгілінде жол қызметі автожолдарды күтіп-ұстау бойынша ауқымды жұмыс атқарып, жүргізушілерге қауіпсіз әрі қолайлы қозғалысты қамтамасыз етті. Қысқы жұмыстар аясында жолдардан шамамен 31 млн текше метр қар тазаланып, 22 мың ағаш қар ұстау қалқандары орнатылды. 11 мың шақырым қар ұстау траншеялары мен біліктері жасалды. «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Дархан Иманашев ОКҚ брифингінде осылай деп мәлімдеді.

15:00Жаңалықтар

Автокөлік өткізу пунктерін дамытуға ерекше назар аударылады

Жол құрылысы саласындағы маңызды бағыттардың бірі – шекарадағы автокөлік өткізу пунктерінің инфрақұрылымын дамыту. 2030 жылға дейінгі ұзақ мерзімді жоспарға сәйкес 36 автомобиль өткізу пунктін қайта жаңарту көзделген. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Дархан Иманашев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.

14:50Жаңалықтар

2025 жылы еліміздегі жол құрылысына 780 млрд теңгеден астам жұмсалмақ

Биыл еліміздің көлік инфрақұрылымының маңызды бағыттарын қамтитын ауқымды жол-құрылыс маусымы басталады. Жол саласын жаңғырту мақсатында 8800 шақырым автомобиль жолдарында түрлі жөндеу жұмыстары жүргізілмек. «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Дархан Иманашевтың ОКҚ алаңында хабарлауынша, оның ішінде 2100 шақырымда құрылыс және қайта жаңарту жұмыстары, 460 шақырымда күрделі жөндеу жұмыстары 6300 шақырымда орташа жөндеу жұмыстары жоспарланған.

14:40Жаңалықтар

Ел экспортының 35%-ын шикізаттық емес тауарлар құрайды

2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның шикізаттық емес тауар айналымы 84,6 млрд АҚШ долларын құрады, бұл 2023 жылғы деңгейден 2,8%-ға жоғары. Бұл ретте 2024 жылы отандық шикізаттық емес тауарлардың экспорты 11,9%-ға өсіп, 28,8 млрд АҚШ долларын құрады. Ал, 2025 жылдың 2 айының қорытындысы бойынша тауар айналымы 11,2 млрд АҚШ доллар болды. Оның ішінде шикізаттық емес экспорттың үлесі 3,6 млрд АҚШ долларға тең. Бұл туралы ҚР СИМ Экспортты ілгерілету департаментінің директоры Бауыржан Болғанисов ОКҚ баспасөз мәслихатында хабарлады.

11:50ОКҚ баспасөз іс-шаралары

Қазақстандық тауарлар маркетплейстер арқылы жаһандық нарыққа шығарылып жатыр

Бүгінгі таңда Қазақстанның ұлттық павильонын халықаралық сауда платформаларына шығару бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Осыған байланысты QazTrade компаниясы шикізаттық емес секторды дамытуға, сондай-ақ тауарларды экспортқа шығаруға жауапты. Компанияның қаржылық емес қолдау құралдарын дамыту туралы ОКҚ алаңында «QazTrade» Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ бас директоры Айтмұхамед Алдажаров айтып берді.

11:40ОКҚ баспасөз іс-шаралары

Қазақстанда құрылысты бақылау үшін бірыңғай портал енгізіледі

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі құрылыста жұмыстың барлық кезеңдерін: жоспарлау, жобалау және объектіні салу процесін бақылауды қамтитын бірыңғай портал құрып жатыр, деп хабарлайды Primeminister.kz.

11:08Жаңалықтар

2026 жылға қарай Қарағанды облысының ауылдық медициналық мекемелерінің 50%-дан астамы жаңартылады

«Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру аясында Қарағанды облысында 92 нысан салу жоспарланған, деп хабарлайды Primeminister.kz.

10:35Жаңалықтар

Бұрын медициналық нысандармен қамтылмаған ауылдарда 175 алғашқы медициналық-санитариялық көмек нысаны салынды

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасының іске асырылу барысы қаралды, деп хабарлайды Primeminister.kz.

10:08Президенттің тапсырмалары