2024-2025 ж. қыс мезгілінде жол қызметі автожолдарды күтіп-ұстау бойынша ауқымды жұмыс атқарып, жүргізушілерге қауіпсіз әрі қолайлы қозғалысты қамтамасыз етті. Қысқы жұмыстар аясында жолдардан шамамен 31 млн текше метр қар тазаланып, 22 мың ағаш қар ұстау қалқандары орнатылды. 11 мың шақырым қар ұстау траншеялары мен біліктері жасалды. «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Дархан Иманашев ОКҚ брифингінде осылай деп мәлімдеді.