Негізгі мазмұнға өту

Күн жаңалықтары

30.04.2025

Жарияланымдар · 8

5-7 мамыр күндері Қазақстанға Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің Бас хатшысы мемлекеттік сапармен келеді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 5-7 мамыр күндері Қазақстанға Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің Бас хатшысы То Лам мемлекеттік сапармен келеді.

16:01Мемлекет басшысының қызметі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Люксембург Премьер-министрі Люк Фриденмен телефон арқылы сөйлесті

Әңгімелесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективасын талқылады. Әсіресе, энергетика, қаржы, цифрлық технология, инновация және басқа да салалардағы өзара тиімді кооперация мәселесіне баса мән берілді.

15:31Жаңалықтар

Алдын алу және қылмысты анықтау қарқынын арттыру арқылы қылмысты азайту: «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы қалай жүзеге асырылады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында үйлесімді, әділетті әрі тұрақты қоғам құрудың негізі ретінде заң мен тәртіптің маңыздылығын атап өтті. Осыған орай, Үкімет «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын әзірледі, оның шеңберінде құқық бұзушылыққа жедел ден қоюға ғана емес, алдын алу шаралары мен азаматтардың құқықтық сауаттылығының арттыруға баса назар аударылуда, деп хабарлайды Primeminister.kz.

15:07Президенттің тапсырмалары

Майдангер қаламгерлердің шығармасы аудиокітап форматында шықты

Жеңістің 80 жылдығына орай Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі майдангер қаламгерлердің шығармасын аудиокітап форматында әзірледі, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

11:42Президенттің тапсырмалары

Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту: Арнаулы мемлекеттік қордан Шығыс Қазақстан облысында дәрігерлік амбулатория салуға қаражат бөлінді

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, елімізде заңсыз иемденілген активтерді қайтару есебінен әлеуметтік маңызы бар инфрақұрылым нысандарын салу жобаларын жүзеге асыру жалғасуда, деп хабарлайды Primeminister.kz.

11:19Аймақтар жаңалықтары

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев А.Н.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығына құттықтау жолдады

Жуырда А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы еліміздің медицина тарихында тұңғыш рет бір мезетте үш науқасқа үш донордың бүйрегін тоғыспалы трансплантация тәсілімен салатын аса күрделі операцияны сәтті өткізді.

10:25Жаңалықтар

2025 жылы Электрондық еңбек биржасында 1 млн астам бос жұмыс орны жарияланады

Еңбек ресурстарын дамыту орталығының сарапшылары 2025 жылға арналған бос жұмыс орындарының қысқа мерзімді болжамын дайындады және жариялады, оған сәйкес Enbek.kz электрондық еңбек биржасында 1,09-дан 1,25 млн-ға дейін бос жұмыс орындары жарияланады, оның 243-350 мыңы жұмысшы мамандықтарына тиесілі болады, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

09:21Президенттің тапсырмалары

Мемлекет қайраткері Тілеухан Қабдрахманов І дәрежелі «Достық» орденімен наградталды

09:12Мемлекет басшысының қызметі