Күн жаңалықтары
02.06.2025
Жарияланымдар · 12
Қазақстан Қырғызстанмен инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімді ратификациялады
Ғалымдар Шет ауданында 25 жаңа тарихи ескерткіш тапты
Мамыр айының соңына дейін Сарыарқа археологиялық институтының ғалымдары Шет ауданында іздестіру-барлау жұмыстарын жүргізді. Олар 25 жаңа тарихи-мәдени мұра ескерткішін тапты, деп хабарлайды Қарағанды облысының әкімдігі.
Жыл басынан бері халық саны 69,8 мың адамға өскен
1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстан халқының саны 20 353 265 адамды құрады. Жыл басынан бері халықтың жалпы өсімі 69,8 мың адам болды. Оның ішінде табиғи өсім есебінен – 63,4 мың адамға, көші-қон есебінен – 6,3 мың адамға, деп хабарлайды ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюрсоы.
Семейде чиптер мен электронды қондырғыларды өндіретін индустриялық парктің құрылысы басталды
Семейде чиптер мен электронды қондырғыларды өндіретін индустриялық парктің құрылысы басталды. Бүгін жоғары технологиялық өнімдер өндіретін зауыттың іргетасын қалау рәсімі өтті. Жобаны қазақстандық-қытайлық бірлескен компания «SUTO KAZAKHSTAN» ЖШС Семейдегі «Өндіріс» индустриялық аймағында жүзеге асырады. Жаңа кәсіпорында чип, оптоэлектронды модуль, интеллектуалды хост-контроллер, қуат блогы, энергия үнемдейтін шамдар мен электронды дисплейлер өндіріледі, деп хабарлайды Абай облысының әкімдігі.
2000-нан астам сарбаз Қазақстанның жоғары оқу орындарында оқуға мемлекеттік грант алды
Қорғаныс министрлігінде алғаш рет әскери қызметтің белгіленген мерзімінде қызмет еткен сарбаздарға еліміздің жетекші жоғары оқу орындарында оқуға мемлекеттік гранттар табысталды. ҰБТ тапсырмай, жоғары оқу орындарына түсу мүмкіндігі – мерзімді әскери қызметтің беделін арттыруға, жас мамандарды қолдауға және олардың кәсіби өсуін ынталандыруға бағытталған мемлекеттік бастама, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Петропавл қаласы туристік әлеуетті күшейтеді
Солтүстік Қазақстан облысы табиғи ресурстарды өңірдің мәдени-тарихи мұрасымен үйлестіре отырып, туристік саланы белсенді дамытуда. Имантау-Шалқар курорттық аймағы басым бағыт болып қала береді, алайда облыс орталығы – Петропавл қаласы да тартымдылыққа ие болуда, деп хабарлайды олыс әкімдігі.
Дәрілік заттарды тегін қамтамасыз ету жүйесіндегі инновациялар туралы
АҢДАТПА!
Мүгедектікті белгілеу бойынша 40 мыңнан астам өтінім сырттай форматта қаралды
2025 жылдың басынын бастап мүгедектік тобын белгілеу үшін медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізудің сырттай форматы бойынша пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде Қазақстанның барлық өңірлерінен 43,7 мың өтінім қаралды. Бүгінде сырттай форматта куәландыру 30 нозологиялық нысан бойынша жүргізіледі, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
«Қазақстан балалары» онкүндігіне 5 миллионнан астам бала қатысты
Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында елімізде алғаш рет кең ауқымды «Қазақстан балалары» атты онкүндік өтті. Аптаның әр күні балалық шақтың маңызды тақырыптарына – қауіпсіздік, шығармашылық, білім беру және тағы басқа салаларға арналды. Еліміз бойынша жалпы 45 мыңнан астам түрлі іс-шара ұйымдастырылып, оларға 5,6 миллионнан астам бала қатысты, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Байқоңыр» ғарыш айлағының құрылғанына 70 жыл толуына орай видео үндеу жолдады
Ұлытау өңіріндегі ауыл тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз етуге қайтарылған активтер қаражаты жұмсалды
Қазақстанда Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша заңсыз иемденілген активтер есебінен қаржыландырылатын әлеуметтік маңызы бар нысандар салу жобаларын жүзеге асыру жұмысы жалғасуда. Үкімет Ұлытау облысында су құбыры желілерін тартуға Арнаулы мемлекеттік қордан 570 млн теңгеден астам қаржы бөлді, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Ақмола облысында 1000-нан астам объект мүгедектігі бар адамдар үшін бейімделген
Мүгедектігі бар адамдардың заңды құқықтарын қамтамасыз ету және олар үшін қолжетімді ортаны қалыптастыру мақсатында Ақмола облысында 1037 әлеуметтік инфрақұрылым нысаны толық бейімделді, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.