Күн жаңалықтары
03.06.2025
Жарияланымдар · 14
Ақтөбеде заңсыз иемденілген активтерді қайтару есебінен балабақша құрылысы қарқынды жүріп жатыр
300 орындық балабақша ерекше балаларға арналған. Құрылысы 2026 жыл аяқталады деп жоспарланып отыр. Аталған жоба ерекше балалардың қолайлы ортада дамуы мен тәрбиеленуіне жағдай жасап, инклюзивті білім беру саласына серпін береді, деп хабарлайды Ақтөбе облысының әкімдігі.
Мемлекеттік сатып алу-2025: 5 айда жасалған келісімшарттардың көлемі 5 трлн теңгеге дейін ұлғайды
Үкімет отырысында отандық өндірушілерді қолдау шаралары талқыланды. 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген Мемлекеттік сатып алу туралы заңның алғашқы нәтижелеріне ерекше назар аударылды. Биылғы 5 айда мемлекеттік келісімшарттардың рекордтық көлемі байқалды – жалпы сомасы 5 трлн теңгеге 845 мың келісімшарт жасалған. Былтырғы кезеңде 2,4 трлн теңгеге 660 мың келісімшарт тіркелген, яғни өсім айтарлықтай артқан, деп хабарлайды ҚР Қаржы министрлігі.
Skills Enbek платформасында 247 мыңнан астам қазақстандық оқытылды
2025 жылдың басынан бері 247,6 мың азамат, оның ішінде 39,4 мыңға жуық жұмыссыз Skills Enbek кәсіптік оқыту платформасында онлайн-курстардан өткені туралы сертификаттар алды. Платформада барлығы 791,3 мың қазақстандық тіркелген, оның 292,6 мыңы – 2025 жылы тіркелді. Бұл ретте платформа жұмысының барлық кезеңінде 658,5 мың адам оқудан өтті, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Отандық тауар өндірушілердің бірыңғай тізілімі жасалады
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Мемлекет басшысы қол қойған елішілік құндылық институтын одан әрі жетілдіру жөніндегі заң шеңберінде отандық өндірісті дамыту және қолдау шаралары қаралды, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Еліміздегі суару маусымы барысы туралы
АҢДАТПА!
Қасым-Жомарт Тоқаев Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованы қабылдады
Мемлекет басшысына әлеуметтік даму, еңбек қатынастары салаларының қазіргі жай-күйі мен алдағы жоспары жөнінде баяндалды.
Мемлекет басшысы Польша Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Кароль Тадеуш Навроцкийді Польша Президенті болып сайлануымен құттықтады.
Қазақстанда дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қауіпсіздігінің тіркеуден кейінгі мониторингін күшейту жоспарда бар
Тіркеуден кейінгі мониторингті күшейту мақсатында дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ету үшін бірқатар құралдар қолданылады. Олардың бірі – фармакологиялық қадағалау жүйесі. Ол дәрілік заттарды қолданудың салдарын анықтау, талдау, бағалау және алдын алу арқылы жүргізіледі. Бұл құрал жақсартылмақ, деді ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы Бауыржан Жүсіпов ОКҚ алаңында.
Қазақстанда шығарылатын дәрі-дәрмек өндірісінің үлесін арттыруға бағытталған құны 700 млн долларға тең 7 жоба қарастырылып жатыр
Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша еліміздің фармацевтикалық нарығындағы отандық өндіріс көлемін 50% және одан жоғары деңгейге жеткізу бойынша жұмыстарды жалғастыруда. Бұл жоспарды 2029 жылға соңына дейін орындау көзделген. 2024 жылдың қорытындысы бойынша отандық өндіріс көлемі 15%-ды құрады. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Ержан Нұрлыбаев мәлімдеді.
800-ге жуық медициналық ұйым электрондық сатып алу форматын пайдаланады
Ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап медициналық ұйымдар электрондық қаржы орталығының веб-порталында дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды онлайн режимде сатып алуда. Қазірдің өзінде 800-ге жуық медициналық ұйым алаңды белсенді пайдаланады. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Ержан Нұрлыбаев мәлімдеді.
Қазақстанда дәрілік заттарды тіркеу жеңілдейді
Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі ел аумағында дәрілік препараттарды тіркеу және олардың айналымы саласында рәсімдерді оңтайландыру және «бір терезе» қағидаты бойынша қызметті енгізу бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Қабылданып жатқан шаралар туралы ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Ержан Нұрлыбаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында айтты.
Отандық өндіріс металлургия, жеңіл және электроника өнеркәсібіндегі импортты алмастырады
Қазақстанда отандық өнімнің үлесі артып келеді. Бұл үрдіс металлургия, жеңіл өнеркәсіп және электроника салаларында байқалады. Тауарлардың ішкі өндірісінің ұлғаюы нәтижесінде импорттық өнімдер біртіндеп ауыстырылады, деп хабарлайды Primeminister.kz.
«Халық заңгері» акциясы аясында 100 мыңға жуық адамға тегін заңгерлік кеңес берілді
Еліміздің 200 елді мекенінде «Халық заңгері» акциясы өткізілді, деп хабарлайды ҚР Қаржы министрлігі.
Қостанай облысында су құбыры желілерін салуға Арнаулы мемлекеттік қордан 5 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді
Мемлекет басшысының әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында елімізде заңсыз иемденілген активтерді қайтару есебінен әлеуметтік нысандардың құрылысы қарқынды жүргізіліп жатыр. Қостанай облысы тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында Арнаулы мемлекеттік қордан шамамен 5,4 млрд теңге қаржы бөлінді, деп хабарлайды Primeminister.kz.