Мемлекет басшысының әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында елімізде заңсыз иемденілген активтерді қайтару есебінен әлеуметтік нысандардың құрылысы қарқынды жүргізіліп жатыр. Қостанай облысы тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында Арнаулы мемлекеттік қордан шамамен 5,4 млрд теңге қаржы бөлінді, деп хабарлайды Primeminister.kz.