Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша еліміздің фармацевтикалық нарығындағы отандық өндіріс көлемін 50% және одан жоғары деңгейге жеткізу бойынша жұмыстарды жалғастыруда. Бұл жоспарды 2029 жылға соңына дейін орындау көзделген. 2024 жылдың қорытындысы бойынша отандық өндіріс көлемі 15%-ды құрады. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Ержан Нұрлыбаев мәлімдеді.