Семейде чиптер мен электронды қондырғыларды өндіретін индустриялық парктің құрылысы басталды. Бүгін жоғары технологиялық өнімдер өндіретін зауыттың іргетасын қалау рәсімі өтті. Жобаны қазақстандық-қытайлық бірлескен компания «SUTO KAZAKHSTAN» ЖШС Семейдегі «Өндіріс» индустриялық аймағында жүзеге асырады. Жаңа кәсіпорында чип, оптоэлектронды модуль, интеллектуалды хост-контроллер, қуат блогы, энергия үнемдейтін шамдар мен электронды дисплейлер өндіріледі, деп хабарлайды Абай облысының әкімдігі.