Негізгі мазмұнға өту

Күн жаңалықтары

09.06.2025

Жарияланымдар · 15

Мемлекет басшысы Қорғаныс министрлігінің басшылық құрамымен жиын өткізді

Қазақстан Республикасының Президенті – Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрлігінің басшылық құрамымен жиын өткізді.

18:03Мемлекет басшысының қызметі

Мемлекет басшысы «Қазақстан – Болгария» бизнес-форумына қатысты

Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан – Болгария» бизнес-форумына белсене қатысқаны үшін Румен Радевке және болгар кәсіпкерлеріне алғыс айтты. Мемлекет басшысы аталған іс-шара екі елдің экономикалық және инвестициялық ынтымақтастығына тың серпін беретініне сенім білдірді.

17:50Жаңалықтар

Аралық қорытындылар: негізгі ҰБТ басталғаннан бері 164 мың рет тест тапсырылды

2025 жылдың 16 мамырында басталған негізгі ҰБТ басталғаннан бері 164 мыңнан астам тестілеу өткізілді. Талапкерлердің 74%-ы тестілеуді қазақ тілінде, 26%-ы орыс тілінде және 136 адам ағылшын тілінде тапсырды. Үшінші аптаның қорытындысы бойынша талапкерлердің 69%-ы шекті балл жинады. Бес пән бойынша орташа балл 65-ті құрады. Ең жоғары нәтиже – 140 балл – Түркістан облысынан Әбілхан Жәнібек бірінші аптада көрсетті, деп хабарлайды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі.

16:40Жаңалықтар

Жамбыл облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы кең көлемде жалғасуда

Жамбыл облысында «Таза Қазақстан» ауқымды экологиялық акциясы өткізілуде. Акцияға облыс тұрғындары, барлық мемлекеттік мекемелер, оның ішінде әлеуметтік сала, құқық қорғау органдары, кәсіпкерлік, туристік мекемелер, ірі сауда орындары мен мейрамхана иелері атсалысуда, деп хабарлайды өңір әкімдігі.

16:09Аймақтар жаңалықтары

AqylTech және IT-Aiel бағдарламалары бойынша онлайн оқытуды іске қосу: қаржылық, цифрлық дағдылар мен жасанды интеллектті отбасылық экономикада дамыту

АҢДАТПА!

16:00Баспасөз хабарламалары

Қазақстанның 3000-нан астам ауылы жоғары жылдамдықты интернетке қосылады

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен «Қазақтелеком» АҚ 3000-нан астам ауылды интернетке қосу туралы инвестициялық келісім жасасты. Қол қойылған мәміленің арқасында талшықты-оптикалық байланыс желісін салу жобасын іске асыру жоспардан бір жыл ерте – 2026 жылдың соңына дейін аяқталады. Ал шалғай аудандардағы байланыс 2027 жылдың соңына дейін жерсеріктік байланыс арналарымен қамтамасыз етілмек, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызеті.

15:28Президенттің тапсырмалары

Мектеп асханаларының мәзірінде целиакия, қант диабеті және аллергиясы бар балалардың диеталық ерекшеліктері ескеріледі

ҚР Оқу-ағарту министрлігімен, Қазақ тағамтану академиясымен, ЮНИСЕФ және ДДҰ-мен бірлесіп 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап күшіне енетін мектептегі тамақтанудың жаңа стандарты мен көп нұсқалы үлгілік мәзірі әзірленіп, бекітілді, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.

14:58Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Болгария Президенті Румен Радев БАҚ өкілдері алдында сөз сөйледі

Президент ең алдымен, шақыруын қабыл алып, Қазақстанға алғаш рет ресми сапармен келгені үшін Румен Радевке шынайы ризашылығын жеткізді.

14:37Мемлекет басшысының қызметі

Қазақстан мен Болгария президенттері кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Болгария Президенті Румен Радев келіссөзді екі ел делегацияларының қатысуымен кеңейтілген құрамда одан әрі жалғастырды.

14:35Мемлекет басшысының қызметі

Қазақстандағы онкологиялық көмек: жетістіктері мен болашағы

АҢДАТПА!

14:34Баспасөз хабарламалары

Қасым-Жомарт Тоқаев Болгария Президенті Румен Радевпен келіссөз жүргізді

Ақордада Астанаға ресми сапармен келген Болгария Президенті Румен Радевті салтанатты қарсы алу рәсімі өтті.

12:21Жаңалықтар

Павлодар облысында 700-ден астам нысан мүмкіндігі шектеулі жандарға бейімделген

Мүгедектігі бар адамдардың заңды құқықтарын қамтамасыз ету және олар үшін қолжетімді ортаны қалыптастыру мақсатында Павлодар облысында 743 әлеуметтік инфрақұрылым нысаны толық бейімделді, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

11:13Президенттің тапсырмалары

HR Enbek порталында электрондық ұжымдық шарт жасауға болады

HR Enbek еңбек ресурстары порталында жұмыс беруші мен кәсіподақ ұйымы арасында электрондық ұжымдық шартты жасасу мүмкіндігі бар, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

11:05Жаңалықтар

Егіс науқаны-2025: науқанның белгіленген мерзімде аяқталуы, дақылдарды әртараптандыру және шаруаларды қолдау жүйесіндегі жүйелі өзгерістер

Елімізде 2025 жылғы көктемгі егіс науқаны толық аяқталды. Биылғы егіс жұмыстары диқандар үшін жаңа жағдайда өтті. Үкімет Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қаржыландыру тетіктерін қайта қарап, жаңа тәсілдер енгізді. Осы жылдан бастап шаруалар үшін жеңілдетілген несиелер 2024 жылдың желтоқсан айынан бастап қолжетімді болды. Бұған дейін мұндай қаржыландыру наурыз айында – егіс науқаны басталған сәтте ғана қолжетімді болатын. Жаңа тәртіп шаруаларға қажетті ресурстарды алдын ала сатып алуға мүмкіндік берді, деп хабарлайды Primeminister.kz.

09:10Президенттің тапсырмалары

Астанаға Словакия Премьер-министрі Роберт Фицо ресми сапармен келеді

10-11 маусымда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Астанаға Словакия Премьер-министрі Роберт Фицо ресми сапармен келеді.

09:07Жаңалықтар