2025 жылдың 16 мамырында басталған негізгі ҰБТ басталғаннан бері 164 мыңнан астам тестілеу өткізілді. Талапкерлердің 74%-ы тестілеуді қазақ тілінде, 26%-ы орыс тілінде және 136 адам ағылшын тілінде тапсырды. Үшінші аптаның қорытындысы бойынша талапкерлердің 69%-ы шекті балл жинады. Бес пән бойынша орташа балл 65-ті құрады. Ең жоғары нәтиже – 140 балл – Түркістан облысынан Әбілхан Жәнібек бірінші аптада көрсетті, деп хабарлайды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі.