Күн жаңалықтары
10.06.2025
Жарияланымдар · 16
AIF 2025 қорытындысы: AIF аясында жасалған инвестициялық келісімдердің жалпы сомасы 800 млн аса АҚШ долларын құрады
Астана қаласы әкімдігінің алдын ала бағалауынша, форум күндері елордаға 5 мыңнан астам шетелдік қонақтың келуі қонақ үйлер, мейрамханалар, көлік қызметтері және қаланың басқа да салалары үшін 2,6 млрд теңге көлемінде табыс әкелді, деп хабарлайды ҚР Ұлттық экономика министрлігі.
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық оркестрінің Астанадағы гастрольдік концерті
АҢДАТПА!
Туристердің еліміздегі жайлы әрі қауіпсіз демалысын қамтамасыз ету – Үкіметте Президент тапсырмаларын орындау шаралары қаралды
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында елімізде туристердің жайлы және қауіпсіз болуын қамтамасыз ету мәселесі қаралды, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Мемлекет басшысы Португалия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Марселу Нуну Дуарте Ребелу де Соузаны осы елдің ұлттық мерекесі – Португалия күнімен құттықтады.
AqylTech жобасы ауыл жастары арасында ерекше сұранысқа ие
Елімізде жүзеге асып жатқан AqylTech және IT-Aiel бағдарламалары әйелдердің цифрлық сауаттылығын арттырып, жасанды интеллектті күнделікті тиімді қолдануды үйретуге бағытталған. Ауылдық жерлердегі студенттер мен жұмыссыз жастар AqylTech жобасына айтарлықтай қызығушылық танытып жатыр. Бұл туралы ОКҚ алаңында CyberBala жобасының авторы, AI PR Studio «Ozgeshe» жобасының теңқұрушысы, SheInnovator негізін қалаушы Әлия Оразымбетова хабарлады.
IТ-Aiel бағдарламасының үздік түлектері АҚШ-қа бара алады
Қазақстанда IT-Aiel әйелдерге арналған онлайн оқыту бағдарламасына қатысуға тіркеу басталды. Бағдарлама үш негізгі талапқа сәйкес келетін мамандықтар жиынтығын қамтиды: нарықтағы жоғары сұраныс, техникалық базасыз кіру мүмкіндігі және дағдыларды тез монетизациялау. Бұл туралы толығырақ Yassa Education компаниясының негізін қалаушы Кристина Вебер ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында айтып берді.
Astana Hub әйелдер қатысатын IT-жобаларды қалай дамытады
Astana Hub халықаралық технопаркі жастар мен әйелдерге практикалық IT-дағдыларды игеруге көмектесетін білім беру бағдарламаларын белсенді дамытып жатыр. Технопаркте әйелдер ІТ-стартаптарының өсуі байқалады. Егер 2023 жылы мұндай 179 компания болса, биыл 300-ден астам компания бар. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында Astana Hub халықаралық технопаркінің басқарушысы Валерия Тё хабарлады.
Aqyltech және IT-Aiel жобалары: қазақстандықтарды цифрлық дағдылар мен ЖИ жаппай оқыту басталды
2025 жылғы 10 маусымда АqylTech/ІТ-Aiel онлайн оқыту бағдарламаларына жастар мен әйелдерді тіркеу басталды. Жобалар қазақстандықтардың қаржылық және цифрлық құзыреттерін арттыруға, сондай-ақ отбасылық экономикада жасанды интеллектті қолдану бойынша оқытуға бағытталған. Бағдарламалар туралы ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшесі, TechnoWomen КЕҰ басқарма төрағасы Азиза Шужеева ОКҚ алаңында айтып берді.
Мемлекет басшысы ЕҚЫҰ-ның іс басындағы төрағасы Элина Валтоненді қабылдады
Президент ЕҚЫҰ-ның іс басындағы төрағасы, Финляндияның Сыртқы істер министрі Элина Валтоненді қабылдады.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаевты қабылдады
Кездесуде Еуразиялық экономикалық одақтың қазіргі қызметі мен одан әрі даму перспективасы талқыланды.
Қазақстанда қатерлі ісікті хирургиялық емдеудің жаңа әдістері енгізілуде
Қазақстанда жыл сайын 20 өңірлік және 2 ұлттық онкологиялық орталықта 57 мыңнан астам хирургиялық көмек көрсетіледі. Оның 20%-ын күрделілігі III-IV санаттағы операциялар құрайды. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында ҚазОРҒЗИ басқарма төрағасы Ербол Бекмұхамбетов мәлімдеді.
Өңірлердегі онкологиялық орталықтар қажетті зертханалық жабдықтармен жарақтандырылады
Қазақстанда 14 ПЭТ/КТ аппараты бар 10 ядролық медицина орталығы және 4 циклотронды-өндірістік кешені, 7 ОФЭКТ қондырғысы жұмыс істейді. Алдағы екі жылда жеке инвестициялар есебінен ПЭТ/КТ аппараттары бар тағы 5 орталық ашу жоспарланған. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында ҚазОРҒЗИ басқарма төрағасы Ербол Бекмұхамбетов мәлімдеді.
Соңғы 10 жылда қатерлі ісіктен болатын өлім-жітім 33%-ға төмендеді
Елімізде қатерлі ісік ауруларына шалдыққан 236 мыңнан астам пациент динамикалық бақылауда тұр. Жыл сайын 41 мыңнан астам науқасқа онкологиялық аурулар диагнозы қойылады. Жыл сайын онкологиялық науқастардың саны 5-6%-ға өседі, жалпы, сырқаттанушылықтың өсуі байқалады. Қатерлі ісік ауруының өсуі – бұл әлемдік тенденция, оның бір себебі – халықтың қартаюы, сонымен қатар қазіргі өркениеттің көптеген факторының әсері, яғни дене қозғалысы белсенділігінің төмендігі, дұрыс тамақтанбау, генетикалық және соматикалық мутацияларды жүзеге асыру. ҚазОРҒЗИ басқарма төрағасы Ербол Бекмұхамбетов ОКҚ алаңында өткен брифингте осылай деп мәлімдеді.
Биыл 170 мыңнан астам студент колледж бітіреді
Бүгінде Қазақстан колледждері металлургия, машина жасау, көлік, энергетика, IT, құрылыс және инженерия сияқты экономиканың 15 негізгі бағыты бойынша мамандар даярлауда, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.
С. Жақыпова Қазақстанда қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету туралы хабардар етті
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Үкімет отырысында қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету және еңбек саласын цифрландыру туралы айтты. Мемлекет басшысы алға қойған міндеттерді іске асыру үшін Еңбек министрлігі 10 бағыт бойынша жоспарлы жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 19,1 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады
2025 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 85 кәсіпорны 2 мыңнан астам жұмыскерге 814 млн теңгеге жалақы бойынша берешек екенін анықтады. Сонымен бірге түрлі ұйымдарда жүргізілген тексерулер барысында еңбек құқығы бұзылуының 2,4 мыңнан астам фактісі анықталды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.