Негізгі мазмұнға өту

Күн жаңалықтары

11.06.2025

Жарияланымдар · 10

Қазақстан және Словакия премьер-министрлері сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылап, бірлескен бизнес-форумға қатысты

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов елімізге алғашқы ресми сапарымен келген Словакия Республикасының Премьер-министрі Роберт Фицомен кездесті. Кездесу барысында сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Primeminister.kz.

18:02Жаңалықтар

ҚР Энергетика министрлігі елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жаңа қуаттарды кезең-кезеңімен іске қосуды жалғастыруда

2035 жылға дейін елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 26 ГВт-тан астам жаңа қуаттарды іске қосу жоспарлануда, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігі.

17:00Жаңалықтар

Қарағанды облысында жаңа фельдшерлік-акушерлік пункттер салынды

Бұқар жырау ауданының Сарыарқа және Құрылыс ауылдарында заманауи фельдшерлік-акушерлік пункттер салынды. Бұл пункттер медициналық көмектің сапасын жақсартуға сеп болады, деп хабарлайды Қарағанды облысының әкімдігі.

15:14Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Словакия Премьер-министрі Роберт Фицо БАҚ өкілдері алдында сөз сөйледі

Президент ең алдымен, Словакия Республикасының Премьер-министрі Роберт Фицоға және барша делегация мүшелеріне ілтипат білдірді.

14:02Мемлекет басшысының қызметі

Қазақстан Президенті мен Словакия Премьер-министрі кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді

Шағын құрамдағы кездесуден кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Роберт Фицо келіссөзді екі ел делегацияларының қатысуымен жалғастырды.

14:00Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Словакия Премьер-министрі Роберт Фицомен келіссөз жүргізді

Ақордада елімізге ресми сапармен келген Словакия Премьер-министрі Роберт Фицоны салтанатты қарсы алу рәсімі өтті.

12:46Жаңалықтар

Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің концертінде әлем хиттері орындалады

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің концертінде Ахмет Жұбанов, Сыдық Мұхамеджанов, Айтқали Жайымов сынды танымал композиторлардың туындылары орындалады. Шараның бірінші бөлімінде Айтқали Жайымовтың оркестрге арнайы жазған жаңа туындысы - «Увертюра» тыңдарман қауымның назарына ұсынылмақ. Бұл – Ахмет Жұбанов пен Құрманғазының шығармаларынан аралас, импровизаторлық жаңа туынды. Бұл туралы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің бас дирижері, «Құрмет» орденінің иегері Абылай Тілепберген ОКҚ алаңында хабарлады.

11:50ОКҚ баспасөз іс-шаралары

Елордада Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің концерті өтеді

Бүгін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі Астана қаласында салтанатты концерт өткізгелі отыр. Шара Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылады. Екі бөлімнен тұратын кештің алғашқы бөлімінде Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет және басқа да дәстүрлі күйші-композиторлардың туындылары орындалады. Бұл туралы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің директоры Медет Қуанышев ОКҚ алаңында өткен брифингте хабарлады.

11:40ОКҚ баспасөз іс-шаралары

16-17 маусым күндері Қазақстанға Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин келеді

16-17 маусым күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин келеді.

09:02Жаңалықтар

Ақмола облысында қайтарылған активтер есебінен салынған медициналық мекемелер пайдалануға берілді

Мемлекет басшысының әлеуметтік инфрақұрылымды құру жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде Ақмола облысында екі денсаулық сақтау мекемесі – Аршалы ауданы Арнасай ауылында дәрігерлік амбулатория және Бұланды ауданы Алтынды ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды. Нысандар елге қайтарылған активтер есебінен салынған. Осы мақсатқа арнаулы мемлекеттік қордан 295 млн теңге бөлінді, деп хабарлайды Primeminister.kz.

09:00Жаңалықтар