Мемлекет басшысының әлеуметтік инфрақұрылымды құру жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде Ақмола облысында екі денсаулық сақтау мекемесі – Аршалы ауданы Арнасай ауылында дәрігерлік амбулатория және Бұланды ауданы Алтынды ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды. Нысандар елге қайтарылған активтер есебінен салынған. Осы мақсатқа арнаулы мемлекеттік қордан 295 млн теңге бөлінді, деп хабарлайды Primeminister.kz.