Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің концертінде Ахмет Жұбанов, Сыдық Мұхамеджанов, Айтқали Жайымов сынды танымал композиторлардың туындылары орындалады. Шараның бірінші бөлімінде Айтқали Жайымовтың оркестрге арнайы жазған жаңа туындысы - «Увертюра» тыңдарман қауымның назарына ұсынылмақ. Бұл – Ахмет Жұбанов пен Құрманғазының шығармаларынан аралас, импровизаторлық жаңа туынды. Бұл туралы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің бас дирижері, «Құрмет» орденінің иегері Абылай Тілепберген ОКҚ алаңында хабарлады.