Күн жаңалықтары
12.06.2025
Жарияланымдар · 15
Ұлттық музейде Ш.Уәлихановтың 190 жылдығына арналған көрме ашылды
Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде қазақтың ұлы ғалымы, ағартушысы Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына орай «Шоқан Уәлиханов – қазақтың ұлы ғалымы» атты ауқымды көрменің ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.
Ұлттық нейрохирургия орталығында 50 мыңнан астам ота жасалды
ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ермек Көшербаев Ұлттық нейрохирургия орталығына барып, мекеменің жұмысымен танысты. Вице-премьер клиникалық бөлімшелерді және «Гамма-пышақ» кешенін аралап көріп, медицина қызметкерлерімен және науқастармен кездесті. Сондай-ақ елімізде жоғары технологиялы медицинаны дамыту келешегі талқыланды, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Жер, Орман, Экологиялық және Кәсіпкерлік кодекстерге және 14 заңға түзетулер енгізілді
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне аквашаруашылық, агроөнеркәсіптік кешен, электр энергетикасы және жекелеген орталық мемлекеттік органдардың функцияларын қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Мемлекет басшысы «Аквашаруашылық туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды
Заңның мақсаты – жаңа өндірістер құру, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды кеңейту, бәсекеге қабілетті аквашаруашылық нысандарын көбейту, сондай-ақ қоршаған ортаға және адам өмірі мен денсаулығына қауіпсіз ету арқылы аквашаруашылықты тұрақты дамыту.
Қазақстан Президенті Үндістан Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модиге Ахмедабад қаласы әуежайының маңында болған жолаушылар ұшағы апатынан көптеген адамның қаза табуына байланысты көңіл айтты.
Қазақстан Иранға бидай экспортын жылына 2 млн тоннаға дейін арттыруды жоспарлап отыр
Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Астана қаласына келген Иран делегациясымен, атап айтқанда Иран Ислам Республикасының ауыл шаруашылығы жихады министрі Голамреза Нури Гезелдже мырзамен кездесу өткізді. Кездесу барысында дәнді-дақылдар экспорты мәселесіне ерекше назар аударылды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Олжас Бектенов Roca Group компаниясының басшысы Сантьяго де Гомар Рокамен Қызылорда облысындағы зауыт құрылысын талқылады
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Roca Group директорлар кеңесінің төрағасы Сантьяго де Гомар Рокамен кездесу өткізді. Онда Қызылорда облысында сантехникалық бұйымдар шығаратын зауыт салу жобасын жүзеге асыру мәселелері мен инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі нығайту перспективалары талқыланды, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Президент Түркі мемлекеттері Парламенттік ассамблеясына мүше елдер парламенттерінің спикерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы мәртебелі меймандарға ілтипат білдіріп, бүгінгі жиынның мән-маңызы ерекше екенін айтты.
2025 жылдың басынан бастап көпбалалы отбасылар мен наградталған аналар 253 млрд теңгеден астам сомасына жәрдемақы алды
2025 жылдың басынан бастап көпбалалы отбасыларға және наградталған аналарға берілетін мемлекеттік жәрдемақылармен орта есеппен 855,9 мың отбасы жалпы сомасы 253,4 млрд теңге мөлшерінде, оның ішінде: көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақымен – 613,7 мың отбасы 221 млрд теңгеге; наградталған анаға берілетін жәрдемақымен – 242,2 мың адам 32,4 млрд теңгеге қамтылды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Starlink Қазақстанға ресми түрде келуде: спутниктік интернетті іске қосу туралы келісімге қол қойылды
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Starlink компаниясы (SpaceX-тің еншілес құрылымы) спутниктік интернет қызметін Қазақстан аумағында ресми іске қосу туралы келісімге қол қойды. Құжат компанияның еліміздің ақпараттық қауіпсіздік және байланыс саласындағы заңнамасын толық сақтай отырып жұмыс істеуін көздейді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Жылдық 12,6% жеңілдікпен несие беретін жаңа «Өрлеу» бағдарламасы іске қосылды
Бұл құрал микро, шағын және орта бизнесті қолдауға бағытталған. Жеңілдетілген несиелеу үшін басымдық берілетін экономиканың салалары – өңдеу өнеркәсібі, көлік және қоймалау, туризм, білім беру, денсаулық сақтау. Жеңілдікті кредиттеудің жаңа бағдарламасы бойынша түпкі қарыз алушы үшін сыйақы мөлшерлемесі жылдық 12,6% -дан аспайды, деп хабарлайды ҚР Ұлттық экономика министрлігі.
Жетісу облысында екі жаңа медициналық нысан пайдалануға берілді
Жетісу облысында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы шеңберінде екі жаңа медициналық мекеме – дәрігерлік амбулатория және фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.
2025 жылдың қаңтар-мамыр аралығында Қазақстанның ЖІӨ 6%-ға өсті
Ұлттық статистика бюросының алдын ала деректеріне сәйкес, 2025 жылдың қаңтар-мамыр айларында Қазақстанның жалпы ішкі өнімі былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 6%-ға өскен. Мұндай нәтижеге өнеркәсіп пен құрылыс салаларынан бастап сауда, көлік және байланысқа дейінгі негізгі салалардағы өсім қарқынының жеделдеуі ықпал етті, деп хабарлайды ҚР Ұлттық экономика министрлігі.
Жыл басынан бері Отбасының цифрлық картасы арқылы 116 мыңнан астам адамға мемлекеттік қызмет көрсетілді
Отбасының цифрлық картасын енгізудің нәтижесінде 2025 жылдың басынан бері әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік қызметтерді проактивті көрсету үшін 221,6 мың адамға SMS-хабарлама жолданды. Бұл ретте өтініш берусіз жәрдемақы немесе төлем алу мүмкіндігін 116,9 мың адам пайдаланды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Мемлекет басшысы Ресей Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді осы елдің мемлекеттік мерекесі – Ресей күнімен құттықтады.