ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ермек Көшербаев Ұлттық нейрохирургия орталығына барып, мекеменің жұмысымен танысты. Вице-премьер клиникалық бөлімшелерді және «Гамма-пышақ» кешенін аралап көріп, медицина қызметкерлерімен және науқастармен кездесті. Сондай-ақ елімізде жоғары технологиялы медицинаны дамыту келешегі талқыланды, деп хабарлайды Primeminister.kz.