Негізгі мазмұнға өту

Күн жаңалықтары

13.06.2025

Жарияланымдар · 11

Атырауда өткен көшпелі отырыста батыс өңірлерін кешенді дамыту мәселесі талқыланды

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев жұмыс сапарымен Атырау облысына барып, Батыс өңірлерін әлеуметтік-экономикалық дамыту жөніндегі шұғыл шаралар жоспарын, «Ауыл аманаты» жобасын және бюджеттік жоспарлау саласындағы реформаларды жүзеге асыру мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды Primeminister.kz.

16:29Президенттің тапсырмалары

Мемлекет басшысы ExxonMobil корпорациясының басқарма төрағасы және бас атқарушы директоры Даррен Вудсты қабылдады

Кездесуде энергетика және мұнай-газ салаларындағы инвестициялық жобаларды жүзеге асырудың қазіргі жай-күйі мен перспективасы талқыланды.

15:48Мемлекет басшысының қызметі

Премьер-министр Президенттің негізгі көлік жобаларын жүзеге асыру жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысын тексерді

Премьер-министр Олжас Бектенов көлік саласындағы ірі инвестициялық жобалар бойынша кеңес өткізді. Онда Қауіпсіздік Кеңесі отырысында айтылған Президент тапсырмаларының орындалу барысы қаралды. Жиында көлік министрінің міндетін атқарушы Мақсат Қалиақпаров, сондай-ақ «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Дархан Иманашев баяндама жасады, деп хабарлайды Primeminister.kz.

14:40Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев медицина саласы қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі

Президент жиналған қауымды Медицина қызметкері күнімен құттықтап, осы мерекеге орай дәрігерлермен Ақордада алғаш рет кездесіп отырғанын әрі бұл жиынның мән-мағынасы ерекше екенін атап өтті.

12:58Жаңалықтар

Қазақстанда шағын өнеркәсіптік аймақтар іске қосылады

Қазақстанда өңдеу өнеркәсібін дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған стратегиясының аясында шағын өнеркәсіптік аймақтарды (ШӨА) құру бағдарламасы белсенді жүзеге асырылуда. Бұл – шағын және орта бизнесті қолдаудың жаңа құралы, кәсіпкерлерге дайын өндірістік ғимараттарды жеңілдетілген жалдау шарттарымен ұсынуға негізделген. ШӨА нысандары қажетті инженерлік желілермен және көлікке ыңғайлы инфрақұрылыммен қамтамасыз етіледі. Мұндай жағдайлар жаңа жобаларды іске қосудағы кедергілерді азайтып, болашақта кәсіпорындардың тиімді жұмыс істеуіне мүмкіндік береді, деп хабарлайды ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі.

12:38Президенттің тапсырмалары

Амангелді Омарбеков ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің Ахуалдық орталығының меңгерушісі лауазымынан босатылды

11:38Мемлекет басшысының қызметі

Қазақстан ауылдарында 473 денсаулық сақтау нысаны салынды

Қазақстанда Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ауылдық денсаулық сақтау жүйесін жаңғыртуға бағытталған ұлттық жоба жүзеге асырылып жатыр. Жобаның мақсаты – медициналық-санитарлық алғашқы көмекті дамыту және инфрақұрылымды жаңарту арқылы ауылдық және шалғай елді мекен тұрғындарын сапалы медициналық қызметпен қамтамасыз ету, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.

11:24Жаңалықтар

Жыл басынан бері 186 мыңнан астам адам жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен қамтылды

2025 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен 186,5 мың адам қамтылды, 190,6 мың қазақстандық жұмысқа орналастырылды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

10:19Жаңалықтар

Елімізде сегіз сала бойынша мамандар даярлау үшін ЖИ қолданатын кәсіби стандарттар әзірленуде

2025 жылы 3D басып шығару инженері мен роботты бояу жүйелерінің операторын қоса алғанда, сегіз жаңа кәсіпті енгізу жоспарлануда. Пилоттық іске қосу Алматы мен Қостанайда өтеді. Сонымен қатар, машина жасауды қоса алғанда, сегіз саладағы 336 кәсіпті қамтитын жасанды интеллектті пайдалана отырып, 60 кәсіби стандарт әзірленуде, деп хабарлайды UKIMET Telegram-каналы.

10:12Президенттің тапсырмалары

Жыл басынан бері ипотекалық бағдарламалар бойынша 11 мыңнан астам несие берілді

Қазақстанның құрылыс саласында ауқымды цифрлық трансформация іске қосылды. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің негізгі жобаларының бірі Бірыңғай цифрлық экожүйені - қолданыстағы ақпараттық жүйелерді алмастыратын «Тапсырыс берушінің бірыңғай терезесін» әзірлеу болды. Жаңа портал egov.kz платформасымен біріктіріледі және қала құрылысын жоспарлаудан бастап нысандарды пайдалануға беруге дейінгі құрылысты сүйемелдеудің толық циклін қамтамасыз етеді, деп хабарлайды UKIMET Telegram-каналы.

10:07Жаңалықтар

Қазақстан автопромы жылына 149 мың көлік шығармақ

Машина жасау саласында биыл отандық автокөліктер өндірісі 149 мың бірлікке дейін немесе 2024 жылмен салыстырғанда 5%-ға артады деп күтілуде. Өткен жылы 134 мың автокөлік шығарылды, деп хабарлайды UKIMET Telegram-каналы.

09:50Жаңалықтар