Қазақстанның құрылыс саласында ауқымды цифрлық трансформация іске қосылды. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің негізгі жобаларының бірі Бірыңғай цифрлық экожүйені - қолданыстағы ақпараттық жүйелерді алмастыратын «Тапсырыс берушінің бірыңғай терезесін» әзірлеу болды. Жаңа портал egov.kz платформасымен біріктіріледі және қала құрылысын жоспарлаудан бастап нысандарды пайдалануға беруге дейінгі құрылысты сүйемелдеудің толық циклін қамтамасыз етеді, деп хабарлайды UKIMET Telegram-каналы.