Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Астана қаласына келген Иран делегациясымен, атап айтқанда Иран Ислам Республикасының ауыл шаруашылығы жихады министрі Голамреза Нури Гезелдже мырзамен кездесу өткізді. Кездесу барысында дәнді-дақылдар экспорты мәселесіне ерекше назар аударылды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.