Қазақстанда IT-Aiel әйелдерге арналған онлайн оқыту бағдарламасына қатысуға тіркеу басталды. Бағдарлама үш негізгі талапқа сәйкес келетін мамандықтар жиынтығын қамтиды: нарықтағы жоғары сұраныс, техникалық базасыз кіру мүмкіндігі және дағдыларды тез монетизациялау. Бұл туралы толығырақ Yassa Education компаниясының негізін қалаушы Кристина Вебер ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында айтып берді.