Негізгі мазмұнға өту

Күн жаңалықтары

24.06.2025

Жарияланымдар · 20

Қазақстан Еуразиялық тұрақтандыру және даму қорын құру туралы шартқа түзетулерді ратификациялады

19:49Мемлекет басшысының қызметі

Президент азаматтық қорғау, электр энергетикасы және мемлекеттік мүлік мәселелері бойынша түзетулерге қол қойды

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық қорғау, электр энергетикасы және мемлекеттік мүлікті басқару мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

19:49Жаңалықтар

Президент Жоғарғы сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады

Мемлекет басшысына сот жүйесі қызметінің биылғы бес айдағы қорытындысы жөнінде мәлімет берілді.

19:12Мемлекет басшысының қызметі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БАҚ саласы қызметкерлерін марапаттады

Президент, журналистер қауымын алдағы Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері күнімен құттықтап, ұлттық медиа – халықтың үні, ал журналист жасампаздық жаршысы екенін атап өтті.

18:54Мемлекет басшысының қызметі

Қасым-Жомарт Тоқаев екіжақты кездесулер өткізді

Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысы аясында Мемлекет басшысы бірқатар халықаралық компанияның өкілдерімен кездесті.

16:55Мемлекет басшысының қызметі

Бас прокуратурадағы Ашық есік күні: «Заң және Тәртіп» апталығы аясында ведомствоның жұмысымен танысу

Бас прокуратура Мемлекет басшысы құқық қорғау органдарының кеңейтілген алқасында жариялаған «Заң және Тәртіп» апталығына орайластырылған Ашық есік күнін өткізді. Іс-шара құқықтық мемлекетті нығайту, азаматтардың құқықтарын қорғау және халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру бастамасының бір бөлігі болды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

15:58Президенттің тапсырмалары

Қазақстанда жаңартылатын энергия көздерінің дамуы

АҢДАТПА!

15:33Баспасөз хабарламалары

Медициналық кадрлармен қамтамасыз ету: Қазақстанда қандай шаралар қабылданып жатыр

2025 жылғы 1 қаңтарға Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесінде, барлық ведомстволық құрылымды қоса алғанда, 275 мыңға жуық медицина қызметкері жұмыс істейді, оның 83 мыңнан астамы дәрігер, 191 мыңнан астамы орташа медицина қызметкері. Үш жыл ішінде дәрігерлер саны 2%-ға, орта медицина қызметкерлерінің саны 0,5%-ға өсті. Кадрлармен қамтамасыз ету ЭЫДҰ елдерінің орташа көрсеткіштерінен асып түседі, бұл жүргізіліп жатқан кадр саясатының тиімділігін көрсетеді. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында ҚР денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев мәлімдеді.

15:00ОКҚ баспасөз іс-шаралары

Ғылыми-зерттеу ұйымдары мен ғылыми орталықтарда бейіндік докторантура енгізіледі

Ғылым елдің әлеуметтік-экономикалық дамуында маңызды рөл атқарады. Қазақстанда медицина ғылымымен 31 ұйым айналысады. Былтыр саладағы халықаралық рецензияланған басылымдарда шыққан жарияланымдар саны артты. 2020 жылы 600 мақала жарияланса, былтыр олардың саны 1200-ге жетті. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз кнференциясында ҚР денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев мәлімдеді.

14:50ОКҚ баспасөз іс-шаралары

Қазақстанда интернатура түлектері тек ауылдарда ғана жұмыс істейтін бағдарламалар ашылуы мүмкін

Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі жыл сайын 5 мыңнан астам білім беру грантын орналастырады. 2023 жылдан бастап мемлекеттік тапсырыс әр өңірдің қажеттіліктерін ескере отырып қалыптастырылады. Түлектер білім беру гранты бекітілген аймаққа жұмысқа жіберіледі. Биыл резидентураға өңірлік қажеттілікке сәйкес 2 500 грант бөлінді. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев мәлімдеді.

14:40Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Одиль Рено-Бассомен кездесті

Мемлекет басшысы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 37-ші пленарлық отырысына қатысу үшін Қазақстанға келген Еуропалық қайта құру және даму банкінің президентімен кездесу өткізді.

14:01Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 37-ші пленарлық отырысын өткізді

Қасым-Жомарт Тоқаев Шетелдік инвесторлар кеңесі мемлекет пен оның халықаралық серіктестері арасындағы стратегиялық ықпалдастықтың сенімді платформасы ретінде алдағы уақытта да қызмет көрсете беретінін атап өтті.

12:48Мемлекет басшысының қызметі

Аралық қорытындылар: негізгі ҰБТ басталғаннан бері 268 мың рет тест тапсырылды

2025 жылғы 16 мамырда басталған негізгі ҰБТ басталғаннан бері 268 мыңға жуық тестілеу өткізілді. Талапкерлердің 74%-ы тестілеуді қазақ тілінде, 26%-ы орыс тілінде және 221 адам ағылшын тілінде тапсырды. Бес аптаның қорытындысы бойынша талапкерлердің 70%-ы шекті балл жинады. Бес пән бойынша орташа балл 66-ны құрады. Ең жоғары нәтиже – 140 балл – Түркістан облысынан Жәнібек Әбілхан бірінші аптада көрсетті, деп хабарлайды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі.

12:05Жаңалықтар

Студенттердің құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз етудегі студенттік омбудсмендердің рөлі

АҢДАТПА!

11:31Баспасөз хабарламалары

2025 жылғы 1 маусымға 242 мыңнан астам адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді

2025 жылғы 1 маусымға 45,2 мың отбасындағы 242,4 мың адамға 13,4 млрд. сомасына атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. 2025 жылы осы мақсатқа бюджеттен 132,9 млрд теңге қарастырылды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

11:12Президенттің тапсырмалары

Премьер-министр «Заң және тәртіп» апталығы аясында ІІМ Басқару академиясының ашылуына қатысты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша жарияланған «Заң және тәртіп» апталығы аясында Астанада Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Басқару академиясының ашылуы өтті. Премьер-министр Олжас Бектенов құттықтау сөзінде жаңа оқу орны Президенттің қоғамдық қауіпсіздікті нығайту, мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру және кадрлық әлеуетті жаңғырту жөніндегі жүйелі саясатының аясында жүзеге асырылып отырған аса қадам екенін атап өтті, деп хабарлайды Primeminister.kz.

10:46Жаңалықтар

Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы

АҢДАТПА!

10:04Баспасөз хабарламалары

Қазақстанда «Заң мен Тәртіп» жаңа цифрлық сервисі іске қосылды

Ішкі істер министрлігі «Заң мен Тәртіп» атты жаңа цифрлық сервисті іске қосты – енді азаматтар құқық бұзушылықтар туралы полицияға тікелей Egov Mobile қосымшасы арқылы хабарлай алады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

09:50Жаңалықтар

Бүгін қазақстандық судьялар өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтеді

24 маусым – Судья және сот қызметкері күні. Сот жүйесі – құқықтық мемлекеттің негіздерінің бірі.

09:01Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Судья және сот қызметкері күнімен құттықтады

09:00Мемлекет басшысының қызметі