Күн жаңалықтары
25.06.2025
Жарияланымдар · 14
Мемлекет басшысы XI «Айбын» халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынын ашты
Президент – Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев XI халықаралық «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиынының ашылу рәсіміне қатысты.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың мемориалдық ескерткіш кешеніне гүл шоғын қойып, оның рухына бір минут үнсіздікпен тағзым етті
Студенттік омбудсмендер жатақханаларда 100-ден астам тексеру жүргізді
Ағымдағы жылы омбудсмендер студенттердің 6079 өтінішін қарады. Ең көп өтініш Ақтөбе облысының жастарынан келіп түсті. Олар академиялық, әлеуметтік-тұрмыстық мәселелер, жатақханалардағы мәселелер бойынша жүгінді. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің жастар саясаты мәселелері жөніндегі кеңесшісі Тоқтар Болысов мәлімдеді.
2024-2025 оқу жылында 6 мыңға жуық студент омбудсменнің көмегіне жүгінді
2024–2025 оқу жылында Қазақстан студенттерінің Альянсы мен ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі жастар саясатын жүзеге асыруда өзара нәтижелі әріптестіктің үлгісін көрсетті. Екі құрылым жастардың білім, құқық, кәсіби бағдар және қоғамдық белсенділік салаларындағы сұранысына жауап беретін кешенді бастамаларды іске асырды. Бұл туралы Республикалық студенттік омбудсмен Ұлан Наукен ОКҚ алаңында хабарлады.
Студенттердің білім алумен қатар, рухани тұрғыда дамуына жағдай жасалды
Еліміздің ЖОО-ларда 680 мыңға жуық студент білім алып жатыр. Жоғары білімді және ғылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасында қарастырылған Университеттің үшінші миссиясы шеңберінде студент жастарды қоғамға әлеуметтендіру бойынша кешенді жұмыстар жүргізілуде. Бұл жастар тек білім ғана емес, жоғары рухани құндылықтарға ие болуы үшін идеологиялық, әлеуметтендіру, тәрбие бағытында да қызмет атқарылып жатыр. ҚР ҒЖБМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Ақерке Абылайхан ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында осылай деді.
«Заң мен Тәртіп» апталығы: 8 мыңға жуық тұлға тегін заң көмегін алды
23 маусымнан бастап елімізде «Заң мен Тәртіп» атты ақпараттық-түсіндіру апталығы басталды.
Еліміздегі суару маусымының барысы туралы
АҢДАТПА!
Импорттық өнімдерді алмастыру жобалары іске асырылып жатыр
Қызылша қантының өндірісі 2023 жылмен салыстырғанда 62%-ға артып, 68,2 мың тонна өнім өндірілді. Алайда бірқатар тауар бойынша импортқа тәуелділік сақталуда. Қазір бұл құс еті бойынша қамту 73%, шұжық өнімдері 60%, балық 68%, сыр мен ірімшік 57%, қант 42%-ды құрайды. Аталған тауарлар бойынша импортқа тәуелділікті төмендету үшін белсенді жұмыс жүргізілуде. ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүрековтың ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында осылай деді.
2028 жылы ауыл шаруашылығы өнімдерінің негізгі түрлерін қайта өңдеу үлесін 70%-ға дейін жеткізу жоспарда бар
Ағымдағы жылдың 5 айында азық-түлік өндірісі 10,5%-ға өсіп, 1,4 трлн теңгені құрады. Өндірістің өсуі байқалады. Мәселен, қызылша қант 13,7 есе, өсімдік майы 19,1%-ға, сары май 12,7%-ға, шұжық өнімдері 11%-ға, ұн 6,6%-ға, ашытылған сүт өнімдері 4,3%-ға, өңделген сүт 4%-ға, ІҚМ, ұсақ мал еті 1,4%-ға артқан. Бұл туралы ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков ОКҚ баспасөз конференциясында хабарлады.
Биылғы 5 айдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 1,3 трлн теңгені құрады
Азық-түліктің физикалық қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін 2030 жылға дейін АӨК дамыту тұжырымдамасы және 2028 жылға дейін ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемін 2 есеге ұлғайту жөніндегі Жол картасы іске асырылуда. Бүгінде аграрлық сала оң динамиканы көрсетіп отыр. Ел қолжетімді азық-түлікпен толықтай қамтамасыз етілген. Бұл туралы ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков ОКҚ баспасөз конференциясында мәлім етті.
Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасына 240 мыңнан астам студент қатысты
Үкімет отырысында ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жоғары білім беру жүйесінде «Таза Қазақстан» тұжырымдамасының іске асырылуы туралы айтты. 2024 жылдан бастап «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы шеңберінде жоғары білім беру саласы бойынша 1 индикатор және 11 іс-шараны іске асыру жоспарланған, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Шекарасыз спорт: Қазақстанда Astana 2025 World Boccia Challenger халықаралық турнирі өтеді
АҢДАТПА!
Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасы: ауқымды экологиялық жұмысқа миллиондаған азамат қосылды
Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасына 2 млн-ға жуық адам қатысты, оның 156 мыңы – еріктілер. Үкімет отырысында экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев еліміздегі экологиялық жағдайды жақсартуға халықтың айтарлықтай үлес қосқанын атап өтті, деп хабарлайды Primeminister.kz.