Негізгі мазмұнға өту

Күн жаңалықтары

01.07.2025

Жарияланымдар · 14

Жыл соңына дейін ауылдарда тағы 150-ге жуық медициналық алғашқы көмек нысаны салынады

Жыл соңына дейін Қазақстанда «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы шеңберінде 150-ге жуық жаңа медициналық нысан салынады, 508-нің құрылысы аяқталады, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.

18:22Жаңалықтар

Жамбыл облысында қайтарылған активтер қаражаты есебінен сумен жабдықтау жүйесі іске қосылды

Жамбыл облысы Жамбыл ауданына қарасты Жаңаөткел ауылында қайтарылған активтер қаражаты есебінен құрылысы жүргізілген ауызсу жүйесі салтанатты түрде іске қосылды, деп хабарлайды өңір әкімдігі.

17:57Жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі мектепте тамақтанудың жаңа стандартын енгізуге дайындығын талқылады

Денсаулық сақтау министрлігі оқу жылының басынан бастап еліміздің мектепке дейінгі және мектеп ұйымдарында тамақтанудың жаңа стандартын енгізуге дайындығын талқылады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

17:33Жаңалықтар

Қазақстанның бес трансшекаралық хабы: қорытындылары мен жоспарлары

«Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіп кооперациясы орталығында 8 өндірістік ғимараттың құрылысы басталса, «Алатау» ИСЛК-да 10 инвестициялық жоба анықталып, 9 маусымда Ақтау портында контейнерлік хабтың алғашқы кешені іске қосылды. Осы және басқа да мәліметтер вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен Үкіметте өткізілген трансшекаралық хабтарды дамыту мәселесі жөніндегі жедел жұмыс тобының отырысында айтылды, деп хабарлайды Primeminister.kz.

17:14Жаңалықтар

Алматы облысында құны 15 млрд теңге болатын агроөнеркәсіптік кластер салынып жатыр

Қонаев қаласында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдейтін ірі агроөнеркәсіптік кластердің құрылысы басталды. Жобаның құны – 15 млрд теңге, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.

16:43Аймақтар жаңалықтары

Мемлекет басшысы Руанда Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

15:32Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Канаданың генерал-губернаторын құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық мейрам – Канада күніне орай Генерал-губернатор Мэри Саймонға құттықтау жеделхатын жолдады.

15:30Жаңалықтар

Қазақстандағы травматологиялық қызметтің дамуы туралы: жағдайы мен болашағы

АҢДАТПА!

15:08Баспасөз хабарламалары

Премьер-министр: Президенттің халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындау – Үкіметтің басым бағыты

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында сумен жабдықтау және су тарту жүйелерін дамыту, сондай-ақ цифрландыру мен су үнемдеу технологияларын енгізу мәселелері қаралды. Отырыста өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев, су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов, ұлттық экономика вице-министрі Асан Дарбаев сумен жабдықтау және су бұру саласындағы тарифтік саясат туралы, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев саланы цифрландыру туралы баяндама жасады. Сондай-ақ бірқатар өңір әкімдері сөз сөйледі, деп хабарлайды Primeminister.kz.

14:36Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Шанхай ынтымақтастық ұйымының бас хатшысы Нұрлан Ермекбаевты қабылдады

Кездесуде ШЫҰ аясындағы ықпалдастықты одан әрі дамыту перспективасы талқыланды.

13:15Жаңалықтар

Қазақстанда судьялар лауазымына кандидаттарды іріктеу сапасы артты

Жоғары Сот Кеңесінің жұмысындағы негізгі бағыттардың бірі – судья лауазымына біліктілік емтиханын өткізу. Бүгінгі таңда іріктеу процесіне бірқатар өзгеріс енгізілді. Инновациялардың нәтижелері туралы ҚР Жоғары Сот Кеңесінің мүшесі Салтанат Жүніспекова ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында айтып берді.

12:00Жаңалықтар

Кассациялық соттардың судьялары лауазымдарына конкурстық іріктеу нәтижелері жарияланды

Жоғары Сот Кеңесі кассациялық соттар судьяларының бос лауазымдарына кандидаттарды іріктеу алқалы түрде, конкурс негізінде, HR-бағалаудың кең спектрін қолдану арқылы жүзеге асырды. Үміткерлерді қарау кезінде практикалық тәжірибе, судьялық еңбек өтілі, сот төрелігін іске асыру сапасы, қаралған істердің күрделілік деңгейі, мінсіз бедел, судьялық этика талаптарын сақтау, әңгімелесудің нәтижелері, сондай-ақ Жоғарғы Сот пен судьялар қауымдастыңы органдарының жалпы отырысының қорытындылары ескерілді. Кассациялық соттардың судьялары лауазымына конкурстық іріктеудің тетіктері туралы ОКҚ алаңында ҚР Жоғары Сот Кеңесінің мүшесі Ерлан Айтжанов айтып берді.

11:50Жаңалықтар

Қазақстанда көп деңгейлі сот төрелігі қағидаттары күшейтілді

1 шілдеден бастап Қазақстанда өңіраралық мәртебесі бар кассациялық соттар өз жұмысын бастайды. ҚР Жоғары Сот Кеңесінің мүшесі Ерлан Айтжановтың айтуынша, бұл – еліміздің сот жүйесін реформалаудағы маңызды кезең. Мемлекет басшысының бастамасымен қабылданған шешім сот төрелігі қағидаттарын жетілдіру, оның қолжетімділігін қамтамасыз ету және азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін арттыру бойынша елдің саяси ерік-жігерін көрсетеді. Бұл туралы спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында айтты.

11:40Жаңалықтар

Қарағанды облысының аудандарында қайтарылған активтер қаражатына 51 денсаулық сақтау нысаны салынуда

Елімізде Мемлекет басшысының заңсыз иемденілген активтерді қайтару жөніндегі тапсырмаларын орындау бойынша жұмыстар жалғасуда. Қайтарылатын қаражат әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамытуға бағытталады, деп хабарлайды Primeminister.kz.

09:05Аймақтар жаңалықтары