Күн жаңалықтары
02.07.2025
Жарияланымдар · 16
Мемлекет басшысы Астанадағы АӨСШК штаб-пәтеріне барды
Үкімет Жетісу облысының Үштөбе қаласындағы жылу желілерін реконструкциялауды аяқтау үшін қаражат бөлді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірлердегі инженерлік желілер мен жылу көздерін жаңғырту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Үкімет резервінен Жетісу облысының Үштөбе қаласындағы жылу желілерінде жөндеу жұмыстарын аяқтау үшін шамамен 210 млн теңге бөлінді. Тиісті Қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Биыл Маңғыстауда Келешек жобасы аясында 9 мектеп ашылады
Маңғыстау облысында «Келешек мектеп» ұлттық жобасы аясында білім беру ордаларын жаңғырту жұмыстары қарқынды жүзеге асырылуда. Аталған бастама шеңберінде өңірге жалпы саны 12600 оқушыға арналған 13 жаңа мектеп ашу жоспарланған, деп хабарлайды өңір әкімдігі.
Абай облысында Ұлттық домбыра күніне арналған көрме өтті
Семей қаласындағы облыстық тарихи-өлкетану музейінде Ұлттық домбыра күніне арналған «Ұлы дала үнісің сен, домбыра!» атты көрме ұйымдастырылды. Шара Ұлттық домбыра күнін кеңінен насихаттауға және қазақ халқының төл өнері мен мәдени мұрасын дәріптеуге бағытталған, деп хабарлайды өңір әкімдігі.
Президенттік жастар кадр резервіне қатысу үшін құжаттарды қабылдау аяқталды
Ағымдағы жылдың 1 маусымында басталған Президенттік жастар кадр резервіне төртінші іріктеуге еліміздің жас мамандары жоғары қызығушылық танытты. Бір айда жобаның pkrezerv.gov.kz ресми сайтында 31 859 адам тіркеліп, оның ішінде 7 436 кандидат іріктеудің келесі кезеңіне жолданды, деп хабарлайды ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі.
ҚР Туризм және спорт министрлігі мен «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
Елордада ҚР Туризм және спорт министрлігі мен «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті. Тараптар бұқаралық спортты қолжетімді ету, саламатты өмір салтын насихаттау және өңірлер мен ауылдық жерлерде спорт инфрақұрылымдарын дамытуға бағытталған бірлескен бастамаларды жүзеге асыру жөнінде келісімге келді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Өрт қаупсіздігі кезеңінде қабылданып жатқан шаралар туралы
АҢДАТПА!
Президент Молдова Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Михай Попшойды қабылдады
Кездесу барысында қазақ-молдован байланыстарын дамыту перспективасы талқыланды.
Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Қазақстанда өңірлік травматологиялық орталықтар құру жоспарда бар
Ұлттық Травматология және ортопедия ғылыми орталығында 8 жылдан астам уақыт бойы Ұлттық биотехнология орталығымен бірлесіп жасушалық технологияларды енгізу бойынша зерттеу жұмыстары жүргізіліп келеді. Бүгінгі таңда оларды қолдану бойынша бірқатар ғылыми бағдарлама мен гранттық зерттеу орындалды. ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында мекеме директоры Олжас Бекарысов бұл жұмыстың нәтижелері туралы толығырақ айтып берді.
Травматология және ортопедия саласында 1,5 мыңнан астам операция жоғары технологияларды қолдана отырып жасалды
Қазақстанда медициналық бригадалар ЖКО орнына келу жылдамдығы бойынша дамыған елдер деңгейінде нәтижелер көрсетіп жатыр. Орта есеппен, жедел жәрдем шақырылған сәттен бастап дәрігерлердің келуіне қалаларда 8 минут және ауылдық жерлерде 9 минут қажет. Сонымен қатар АҚШ-та жедел жәрдем орта есеппен 7 минутта, Германияда – 8 минутта, Канадада – 5-10 минутта, Ұлыбританияда, Италияда – 8 минутта, Түркияда – 10 минутта келеді. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР ДСМ «Академик Н.Ж. Батпенов атындағы ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығы» ШЖҚ РМК директоры Олжас Бекарысов мәлімдеді.
Қазақстандағы травматологиялық көмек: төсек-орын қоры, кадрлар және жол қауіпсіздігі
Қазақстанда травматология және ортопедия қызметі үш деңгейлі аймақтандыру жүйесі бойынша жұмыс істейді. Жалпы елімізде 4173 травматологиялық төсек-орын бар, оның 852-сі балаларға арналған. Сонымен қатар қалпына келтіру және оңалту үшін 2251 төсек-орын қарастырылған. Бұл туралы ОКҚ алаңында ҚР ДСМ «Академик Н.Ж. Батпенов атындағы ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығы» ШЖҚ РМК директоры Олжас Бекарысов айтып берді.
Мүгедектікті белгілеу бойынша 51 мыңнан астам өтінім сырттай форматта қаралды
2025 жылдың басынын бастап мүгедектік тобын белгілеу үшін медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізудің сырттай форматы бойынша пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде Қазақстанның барлық өңірлерінен 51,8 мың өтінім қаралды. Бүгінде сырттай форматта куәландыру 30 нозологиялық нысан бойынша жүргізіледі, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Қазақстанда техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының ақпараттық картасы жасалуда
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің ақпараттық картасы әзірленіп жатыр. Бұл платформа елдегі колледждер туралы кешенді әрі өзекті деректерді бір цифрлық картада және ыңғайлы форматта ұсынады, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.
Бүгін – Дипломатиялық қызмет күні
Павлодар облысы, Павлодар және Екібастұз қалаларында жылу желілерін жылыту маусымына дайындауға Үкімет резервінен шамамен 3,8 млрд теңге бөлінді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Павлодар облысында инженерлік желілер мен жылу көздерінің тозуын азайту бойынша ауқымды жұмыс жүргізілуде. Үкімет резервінен Павлодар және Екібастұз қалаларының жылу желілерін жөндеу жұмыстарын аяқтау үшін шамамен 3,8 млрд теңге бөлінді. Тиісті Қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды Primeminister.kz.