«Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіп кооперациясы орталығында 8 өндірістік ғимараттың құрылысы басталса, «Алатау» ИСЛК-да 10 инвестициялық жоба анықталып, 9 маусымда Ақтау портында контейнерлік хабтың алғашқы кешені іске қосылды. Осы және басқа да мәліметтер вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен Үкіметте өткізілген трансшекаралық хабтарды дамыту мәселесі жөніндегі жедел жұмыс тобының отырысында айтылды, деп хабарлайды Primeminister.kz.