Күн жаңалықтары
18.07.2025
Жарияланымдар · 12
Орталық коммуникациялар қызметі мен Синьхуа ақпараттық ынтымақтастықты нығайтуды қолдайды
Рио-де-Жанейро қаласында БРИКС елдерінің БАҚ пен аналитикалық орталықтарының форумы өтті. Форумға жетекші медиа құрылымдардың, мемлекеттік ведомстволардың, ғылыми және іскер топтардың өкілдері қатысты.
Астанада өтетін BaiQymyz фестивалінде 16 тоннаға жуық қымыз ұсынылады
Астанадағы «Қазанат» ипподромында 19-20 шілде күндері халқымыздың ежелгі әрі киелі сусыны – қымызға арналған бұрын-соңды болмаған көлемдегі «BaiQymyz – бапталған қымыз және ұлттық тағамдар» гастрофестивалі өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Денсаулық сақтау министрлігі жартыжылдықты қорытындылады: жалпы өлім 4,2%-ға төмендеді
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде құрылымдық бөлімшелер, республикалық және ғылыми орталықтар, өңірлік денсаулық сақтау басқармалары басшыларының қатысуымен 2025 жылдың бірінші жартыжылдығындағы ведомство қызметінің қорытындысы бойынша алқа отырысы өтті, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Президент жаңа Салық кодексіне қол қойды
Мемлекет басшысы жаңа Салық кодексіне және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды.
Премьер-министр Президенттің тапсырмалары шеңберінде Ұлытау облысының ЖЭО және тазарту нысандарын реконструкциялау барысын тексерді
Премьер-министр Олжас Бектенов Ұлытау облысына жұмыс сапары аясында Президенттің энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысын тексерді, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Түркістан облысында 5 мың басқа арналған бордақылау кешені іске қосылды
Түркістан облысының Сайрам ауданында бордақылау алаңы мен ет комбинатының құрылыс жобасы «KAZ ECO MEAT» ЖШС тарапынан жүзеге асырылды, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Премьер-министр кәсіби мерекесіне орай металлургтерге Президент атынан мемлекеттік наградалар табыс етті
Премьер-министр Олжас Бектенов «Металлург күні» кәсіби мерекесіне орай тау-кен металлургия саласының еңбеккерлеріне Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан мемлекеттік наградаларды табыс етті, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Мемлекет басшысы ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Исраил Сапарбайдың отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады
Алматыда болашақ орманға топырақ дайындап жатыр: облыста ірі қалалық тәлімбақ салу көзделіп отыр
Алматыда алғашқы ірі қалалық орман тәлімбағы ашылуы мүмкін. Мамандар бұл бастаманы оңтүстік астананың экологиясы мен жасыл желек қорын молайту тұрғысынан стратегиялық маңызы бар қадам деп бағалап отыр, деп хабарлайды қала әкімдігі.
Нысаналы капитал қорлары және эндаумент қорлары туралы
АҢДАТПА!
2025 жылдың басынан бастап көпбалалы отбасылар мен наградталған аналар шамамен 304 млрд теңге сомасына жәрдемақы алды
2025 жылдың басынан бастап көпбалалы отбасыларға және наградталған аналарға берілетін мемлекеттік жәрдемақылармен орта есеппен 857,9 мың отбасы жалпы сомасы 304,8 млрд теңге мөлшерінде, оның ішінде: көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақымен – 615,4 мың отбасы 265,8 млрд теңгеге; наградталған анаға берілетін жәрдемақымен – 242,5 мың адам 39 млрд теңгеге қамтылды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында суперкомпьютермен ЖИ экожүйесін құру: Цифрландыру мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті
Премьер-министр Олжас Бектенов Цифрландыру мәселелері жөніндегі комиссияның отырысын өткізді. Онда Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша іске қосылған суперкомпьютер негізінде жасанды интеллект экожүйесін дамыту бағыттары қаралды. QazTech платформасы базасында салалар мен мемлекеттік органдардың жұмысын одан әрі цифрлық трансформациялауға назар аударылды, деп хабарлайды Primeminister.kz.