2025 жылдың басынан бастап көпбалалы отбасыларға және наградталған аналарға берілетін мемлекеттік жәрдемақылармен орта есеппен 857,9 мың отбасы жалпы сомасы 304,8 млрд теңге мөлшерінде, оның ішінде: көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақымен – 615,4 мың отбасы 265,8 млрд теңгеге; наградталған анаға берілетін жәрдемақымен – 242,5 мың адам 39 млрд теңгеге қамтылды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.