Күн жаңалықтары
05.09.2025
Жарияланымдар · 13
Мемлекет басшысы 8 қыркүйекте Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 8 қыркүйекте өтетін Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды.
Мемлекет басшысы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаевқа елорданың әлеуметтік-экономикалық және инфрақұрылымдық дамуы жайында есеп берілді.
Мемлекет басшысы Моңғолияның Ұлы Мемлекеттік Хуралының Төрағасы Дашзэгвийн Амарбаясгаланмен кездесті
Қасым-Жомарт Тоқаев мәртебелі мейманға ілтипат танытып, оның елімізге Парламент Төрағасы ретіндегі алғашқы сапары екіжақты байланысты нығайтуға тың серпін беретінін атап өтті.
Маңғыстауда Орталық Азиядағы алғашқы теңіз аквашаруашылық жобасы жүзеге асырыла басталды
Маңғыстау облысының Құрық портында Каспий теңізінде теңіз аквашаруашылығын дамытуға арналған алғашқы тор қоршамалар суға түсірілді. Бұл Орталық Азиядағы алғашқы теңіз аквашаруашылық жобасы және Қазақстан теңіз аквашаруашылығын дамытудың жүзеге асырыла бастағанын көрсетеді, деп хабарлайды өңір әкімдігі.
Мемлекет басшысы мұнай-газ саласын дамытуға елеулі үлес қосқан бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады
Мемлекет басшысы мұнай-газ саласының қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады
Ақордада өткен салтанатты жиында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мұнай-газ кешені ел экономикасының аса маңызды саласы екенін атап өтті.
Тікұшақтар, спутниктер және жердегі рейдтер: Қазақстанда құрамында есірткі бар өсімдіктермен күрес қалай жүргізіледі
Қазақстанда жыл сайын 1 маусым мен 31 қазан аралығында «Қарасора-2025» кең ауқымды операциясы жүргізіледі. Іс-шара жазғы-күзгі кезеңде, елдің оңтүстік өңірлерінде құрамында есірткі бар өсімдіктер шығатын маусымда өтеді. Операцияның негізгі мақсаттары – қарасораны өсіруге, дайындауға және шығаруға қарсы тұру, сондай-ақ есірткіні, оның ішінде олардың жаңа түрлерін таратумен айналысатын ұйымдасқан қылмыстық топтардың қызметін тоқтату. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов мәлімдеді.
ІІМ онлайн-есірткі саудасына қарсы күресті күшейтті
Былтырдан бері ҚР Ішкі істер министрлігінің құрылымында Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті жұмыс істейді. Комитет мемлекеттік органдар, интернет-алаңдары және әлеуметтік желілер арқылы қылмысты анықтау және жолын кесу бойынша жұмысты жолға қойды. Осылайша, 8 айдың қорытындысы бойынша 2388 есірткі қылмысы анықталды, 14 ұйымдасқан қылмыстық топ жойылды, оның үшеуі трансұлттық. Сондай-ақ ұйымдасқан қылмыстық топтың 13 жетекшісі мен 52 белсенді қатысушысы қамауға алынды. Бұл туралы ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді.
Анонимді Telegram арналары: «инсайдтардың» құпиясы және шынайы мақсаттар
Бәсекеге қабілетті ұрпаққа инвестиция: Президент Жолдауын жүзеге асыру аясында елімізде білім саласы қалай жаңғыртылып, ғылыми әлеует қалай дамып келеді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты халыққа Жолдауында стратегиялық міндет қойды – адами капиталға жүйелі инвестициялар арқылы Әділетті Қазақстан құру. Бұл тапсырма Үкімет атқарып жатқан кешенді жұмыстың негізіне айналды. Ол баршаға қолжетімді әрі заманауи білім беруге және ғылыми орта қалыптастыруға бағытталған. Жүйе мектепке дейінгі тәрбиеден бастап алдыңғы қатарлы зерттеулерді қолдауға дейінгі барлық сатыны қамтиды. Осы арқылы елдің болашағын айқындайтын берік негіз қаланып, Қазақстанның әлемдік деңгейдегі ұзақ мерзімді бәсекеге қабілеттілігі нығаяды және әрбір азаматтың өмір бойы дамуына жағдай жасалады, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Қазақстандық оқушылар Еуропалық олимпиадада төрт жүлде иеленді
Болгарияның Шумен қаласында IX Еуропалық жасөспірімдер информатика олимпиадасы (EJOI-2025) өз мәресіне жетті. Байқауға 24 елден 100-ден астам жас бағдарламашы қатысты. Барлығы 52 медаль сарапқа салынды. Қазақстан құрамасы жоғары нәтиже көрсетті – команданың барлық төрт мүшесі жүлдегер атанды, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.
349 мыңнан астам қазақстандыққа мемлекеттік қызметтерді проактивті форматта алу мүмкіндігі туралы SMS хабарламалар жіберілді
Отбасының цифрлық картасын енгізудің нәтижесінде 2025 жылдың басынан бері әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік қызметтерді проактивті көрсету үшін 349,7 мың адамға SMS-хабарлама жолданды. Бұл ретте 200 мыңнан астам адам өтініш берусіз жәрдемақы немесе төлем алу мүмкіндігін пайдаланып үлгерді, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
5 қыркүйекте Қазақстан халқы тілдері күні атап өтіледі
Бұл күн Қазақстанда тұратын барлық этностардың мәдениеті мен тілдеріне деген құрметті білдіреді.