Күн жаңалықтары
04.09.2025
Жарияланымдар · 9
Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге жеделхат жолдады
Президент Қытайға ресми сапары барысында қазақ делегациясына көрсетілген қонақжайлық пен достық ілтипат үшін Төраға Си Цзиньпинге алғыс айтты.
Мемлекет басшысы Португалия Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Лиссабон орталығындағы апат салдарынан көптеген адамның қаза табуына және жарақат алуына байланысты Президент Марселу Нуну Дуарте Ребелу де Соуза мен барша португал халқына көңіл айтты.
Тимур Әбілқасымов ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды
Қазақстанда 6,5 млн тонна астық бастырылды
Егін жинау науқаны қарқынды жүргізілуде. Бүгінгі күнге дейін 4,6 млн гектар дәнді дақылдар жиналды, бұл жалпы егіс алқабының 28,5%-ын құрады. Бастырылған астық көлемі 6,5 млн тоннаны құрайды, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.
«Қарасора-2025» жедел алдын алу іс-шарасының орындалу барысы туралы
АҢДАТПА!
Президенттің 2024 жылғы Жолдауы: жаңғырту, әртараптандыру және инвестициялар – өнеркәсіп әлеуетін дамытудың басымдықтары
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында ел дамуының негізгі векторын айқындап берді. Ол – қуатты өнеркәсіп әлеуетіне негізделген мықты да әртараптандырылған экономика құру, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Қызылорда өңірінде олимпиадалық спорт түрлеріне басымдық берілді
Қызылорда өңірінде спорт саласын дамытуға бағытталған жүйелі жұмыстар қолға алынып жатыр. Мәселен, 2025 жылы дене шынықтыру және спортты дамытуға жергілікті бюджеттен 15,5 млрд теңге бөлінді. Аймақта 1494 спорттық нысан бар. Қызылорда облысының Дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы Бахтияр Артаевтың ОКҚ баспасөз конференциясында атап өткендей, осындай объектілерді арттыру арқылы жергілікті бұқаралық спортты дамыту көзделген.
«Қайрат» – «Реал Мадрид» матчына билеттер қашан сатыла бастайды
«Қайрат» – «Реал Мадрид» матчына билеттер матчқа 10 күн қалғанда сатылады. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында журналистердің сұрақтарына берген жауабында туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев мәлімдеді.
Шетелдік спортшылар мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылмайды
Қазақстан Республикасының азаматтығы жоқ спортшыларды бюджет тарапынан қаржыландыруға тыйым салынды. Бұдан былай кәсіби клубтар тәжірибе арттыру немесе клуб әлеуетін көтеру мақсатында шетелдік спортшыларды шақыратын болса, мемлекеттік бюджеттен тыс қаражат қарастыруы керек. ҚР туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында осылай деді.