Қызылорда өңірінде спорт саласын дамытуға бағытталған жүйелі жұмыстар қолға алынып жатыр. Мәселен, 2025 жылы дене шынықтыру және спортты дамытуға жергілікті бюджеттен 15,5 млрд теңге бөлінді. Аймақта 1494 спорттық нысан бар. Қызылорда облысының Дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы Бахтияр Артаевтың ОКҚ баспасөз конференциясында атап өткендей, осындай объектілерді арттыру арқылы жергілікті бұқаралық спортты дамыту көзделген.