Қазақстан Республикасының азаматтығы жоқ спортшыларды бюджет тарапынан қаржыландыруға тыйым салынды. Бұдан былай кәсіби клубтар тәжірибе арттыру немесе клуб әлеуетін көтеру мақсатында шетелдік спортшыларды шақыратын болса, мемлекеттік бюджеттен тыс қаражат қарастыруы керек. ҚР туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында осылай деді.