Күн жаңалықтары
09.09.2025
Жарияланымдар · 7
Қазақстандық студенттер III Түркі универсиадасында 23 медаль жеңіп алды
3-9 қыркүйек күндері Қырғыз Республикасының Чолпон-Ата қаласында жоғары оқу орындары студенттері арасында III Түркі универсиадасы өтті, деп хабарлайды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі.
Қазақстан индустрияландыру мен құрылыс саласының цифрлық трансформациясын жеделдете түседі
ҚР өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Үкімет отырысы барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа жыл сайынғы Жолдауында берген тапсырмаларын орындауға бағытталған нақты қадамдар туралы баяндады. Министрлік арнайы экономикалық аймақтарды (АЭА) дамытуға күш салып жатыр. Бүгінде бюджеттен бөлінген әрбір теңгеге шамамен 8 теңге жеке инвестиция тартылады, ал 1,4 теңге қазынаға салық түрінде қайтарылады. АЭА іске қосылғалы бері жалпы құны 10 трлн теңгеге жуық 532 жоба жүзеге асырылса, оның 85-і шетелдік инвесторлардың қатысуымен іске асқан. Тікелей шетелдік инвестициялар көлемі шамамен 800 млрд теңгеге жетті, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Еңбек министрлігі халықты әлеуметтік қорғау жүйесін трансформациялауды жүзеге асырып жатыр
Үкімет отырысында ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмаларын іске асыру мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар мен ұсынылып, жүзеге асырылып жатқан жаңа тәсілдер туралы айтты, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
ҚР АШМ: Аграрлық ғылымды дамыту жоспары әзірленеді
Үкімет отырысында ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында министрлік қабылдайтын жүйелі шаралар туралы баяндады. Басты назар мал шаруашылығы саласының тұрақты дамуына, аграрлық саланы цифрландыруға, аграрлық ғылымды қолдауға және ауыл шаруашылығы жерлерін заңды бөлуді қамтамасыз етуге аударылған, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Туризм саласындағы заңнаманы жетілдіру бірнеше бағытта жүргізіліп жатыр
Мемлекет басшысы биылғы Қазақстан халқына Жолдауында шетелдік туристерді тарту және осы үдерісті заңнамалық тұрғыда қамтамасыз ету мәселесіне ерекше көңіл бөлу қажет екенін атап өтті. Бүгін Үкімет отырысында Ербол Мырзабосынов Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында туризм саласындағы заңнаманы жетілдіру жұмыстары басталғанын хабарлады. Атап айтқанда, жергілікті атқарушы органдарға елді мекендерден тыс аумақтарда, оның ішінде ұлттық парктердің аумағында туристік инфрақұрылым салу құқығы берілді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі.
Денсаулық сақтау министрлігі ЖИ қолдану арқылы медициналық көмектің сапасын басқару жүйесін енгізеді
Бүгін Үкімет отырысында Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмаларын іске асыру бойынша негізгі қадамдарды ұсынды. Денсаулық сақтау министрлігі медициналық инфрақұрылымды дамыту, фармацевтикалық өндірісті кеңейту, процестерді цифрландыру және дәрігерлерді әлеуметтік қолдау сияқты ауқымды қайта құруларды іске қосады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаевқа Агенттік қызметінің негізгі нәтижелері туралы есеп беріліп, алдағы кезеңге арналған міндеттері таныстырылды.