Негізгі мазмұнға өту

Күн жаңалықтары

10.09.2025

Жарияланымдар · 12

Қарағанды ЖЭО-3-те жаңа энергия блогының құрылысы басталды

Қарағанды ЖЭО-3-те жаңа энергия блогының құрылысын бастауға арналған  капсула салу рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігі.

17:14Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Феликс Чисекедиді І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады

Президент бүгін екі ел жылнамасындағы тарихи күн екенін атап өтті.

15:26Жаңалықтар

Су заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз ету үшін мемлекеттік бақылау мен қадағалау күшейтілді

Биылғы вегетация маусымында Түркістан облысында 441,3 мың га суармалы жерден 3,35 млрд текше метр су алынды. «Қазсушар» РМК филиалы 9 484 шарт жасасты, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда әлдеқайда жоғары. Қазіргі уақытта Түркістан облысында негізгі дақылдарды суару жұмыстары аяқталып, суға қажеттілік төмендеді және өнім шығыны тіркелген жоқ. Бұл жайында ҚР Су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Нұрлан Алдамжаров ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында айтты. Сонымен қатар ол диқандарды сумен қамтамасыз ету бойынша атқарылған шаралар туралы мәлімет берді.

15:00ОКҚ баспасөз іс-шаралары

ҚР Су министрлігі: Жамбыл және Қызылорда облыстарында суару маусымын штаттық режимде өткізу үшін барлық жағдайлар жасалған

Жамбыл облысында вегетация кезеңі жоспарға сай өтіп жатыр. Аймақтағы ауыл шаруашылығы саласы суаруға айтарлықтай тәуелді. Негізгі дақылдар – жүгері, көпжылдық шөптер, қант қызылшасы, бақша және көкөніс өнімдері. Суару жұмыстары облыстың 10 ауданында жүргізіледі. Алты ауданда ішкі су көздерін пайдаланып, су тапшылығынсыз жұмыс істеп жатыр. Төрт ауданы Қырғыз Республикасынан бастау алатын Шу және Талас трансшекаралық өзендеріне тәуелді. ҚР су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Нұрлан Алдамжаров ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында осылай деді.

14:50ОКҚ баспасөз іс-шаралары

Биылғы вегатация кезеңінде су тапшылығы мәселесі дер кезінде шешіліп отырды

Биыл еліміздің вегетация кезеңі күрделі климаттық жағдайда өтті. Көктемде аптап ыстыққа байланысты суару маусымы 20 күнге ерте басталды. Сонымен қатар вегетация кезеңі басталмай тұрып, топырақтағы ылғалдың аз болуы, әсіресе оңтүстік өңірлерде, су шаруашылығына теріс әсер етті. Осы жағдайда Шардара су қоймасынан Қызылқұм магистральды каналы арқылы су алу көлемі айтарлықтай артты: 2025 жылдың сәуірінде секундына 90 текше метр, мамырда – секундына 70 текше метр жіберілді. Салыстырмалы түрде, өткен жылы бұл көрсеткіштер төмен болған: сәуірде-мамыр айларында – секундына 30 текше метр. Бұл жайлы ҚР су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Нұрлан Алдамжаров ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.

14:40ОКҚ баспасөз іс-шаралары

Қазақстан мен Конго Демократиялық Республикасының президенттері кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Феликс Чисекеди келіссөзді екі елдің ресми делегация мүшелерінің қатысуымен жалғастырды.

14:03Мемлекет басшысының қызметі

Қазақстанда алғаш рет Digital Nomad Residency берілді

Бұл мәртебеге халықаралық тәжірибесі бар Senior Analytics & BI Engineer Павел Филатов ие болды. Ол Қазақстанды қолайлы өмір сүріп, кәсіби қызметін жалғастыруға ыңғайлы ел ретінде таңдаған, деп хабарлайды ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі.

12:36Президенттің тапсырмалары

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Конго Демократиялық Республикасының Президенті Феликс Чисекеди келіссөз жүргізді

Ақордада елімізге мемлекеттік сапармен келген Конго Демократиялық Республикасының Президентін ресми қарсы алу рәсімі өтті.

12:16Мемлекет басшысының қызметі

Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясының дамыту тұжырымдамасын іске асыру туралы

АҢДАТПА!

10:17Баспасөз хабарламалары

Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 33,4 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады

2025 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 257 кәсіпорны 3,7 мыңнан астам жұмыскерге 1,4 млрд теңгеге жалақы бойынша берешек екенін анықтады. Сонымен бірге түрлі ұйымдарда жүргізілген тексерулер барысында еңбек құқығы бұзылуының 4,7 мыңнан астам фактісі анықталды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

09:29Жаңалықтар

Солтүстік Аралдың көлемін ұлғайту бойынша Су ресурстарын басқару жүйесін дамыту тұжырымындамасында белгіленген көрсеткіштер мерзімінен бұрын орындалып жатыр

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында берген тапсырмаларын орындау аясында Су ресурстары және ирригация министрлігі Солтүстік Арал теңізіндегі судың көлемін арттыру жұмысын жүргізуде. 2023 жылдан бүгінге дейін Солтүстік Аралдағы су көлемі 24,1 млрд текше метрге дейін жетті. Осы уақыт ішінде теңізге 5 млрд текше метр су жіберілді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

09:19Жаңалықтар

Цифрлық штаб Президент Жолдауын орындау үшін бірқатар шешімдер қабылдады

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен Цифрлық штабтың отырысы өтті. Онда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында қойған міндеттерге назар аударылды, деп хабарлайды Primeminister.kz.

09:10Жаңалықтар