Негізгі мазмұнға өту

Күн жаңалықтары

11.09.2025

Жарияланымдар · 13

Астанада экологиялық айлық 13 қыркүйектен басталады

«Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» атты кең көлемді экологиялық акция аясында елордада 13 қыркүйектен 11 қазанға дейін дәстүрлі «Таза Қазақстан: Таза Астана» экологиялық айлығы өтеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

17:44Президенттің тапсырмалары

Қазақстандық мектептерде алғаш рет стоматологиялық кабинеттер ашылды

Мемлекет басшысының балалардың қауіпсіздігін нығайту, олардың құқықтарын қорғау және үйлесімді дамуына жағдай жасау жөніндегі тапсырмасына сәйкес, жаңа оқу жылынан бастап еліміздің мектептерінде стоматологиялық кабинеттер ашыла бастады. Сонымен қатар, мектептерде тамақтанудың жаңа стандарты енгізілді. Енді мектептің ас мәзірін ұйымдастыру мен оның сапасын бақылау міндеті денсаулық сақтау ұйымдарына берілді, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.

16:36Президенттің тапсырмалары

Мемлекет басшысы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Омаровты қабылдады

Президентке «Экономиканы ырықтандыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлықты іске асыру мақсатында атқарылған жұмыс нәтижесі баяндалды.

16:00Жаңалықтар

Қазақстанда «Esirtkisiz QAZAQSTAN» жалпыұлттық жастардың есірткіге қарсы қозғалысы құрылды

Астанада «Esirtkisiz QAZAQSTAN» атты республикалық конференция өтті. Бұл бастама Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қауіпсіздік кеңесінің отырысында берген тапсырмалары аясында ұйымдастырылды. Президент ол жерде наркотизм ел болашағына төнген қатер екенін ерекше атап өтті, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.

15:06Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев «Бейбітшілік пен құқыққа негізделген болашақ» атты конституциялық сот төрелігінің халықаралық форумына қатысушылармен кездесті

Басқосуға Венеция комиссиясының президенті Клэр Бази Малори, БАӘ Жоғарғы федералдық сотының төрағасы Мұхаммед Хамад Мұхаммед әл Бади әл Захри, Африка конституциялық юрисдикция органдары конференциясының төрағасы Люк Малаба, Моңғолия Конституциялық сотының төрағасы Байасгалан Гунгаа қатысты.

14:38Жаңалықтар

Сот төрелігі академиясы судьяларды даярлауда ЖИ қолданады

ҚР Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясын дамытудың 2025-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы қабылданып, іске асырылуда. Мәселен, алғаш рет бейінді және жаңадан ашылған ғылыми-педагогикалық магистратура бойынша жаңа оқу жоспарлары іске асырылды, «Құқық» бағыты бойынша докторантураның білім беру бағдарламаларын іске асыруға мемлекеттік лицензия алынды. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР Жоғары Сот Кеңесі Аппаратының Сот оқуы және біліктілік емтиханын ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі Аида Қайжақпарова мәлімдеді.

12:10ОКҚ баспасөз іс-шаралары

Сот төрелігі академиясында ашылған магистратураға 98 адам қабылданды

Сот төрелігі академиясы қызметінің 2025 жылғы тамыздағы маңызды нәтижелерінің бірі – магистратураға қабылдау. Бұл науқанының басталуына дейін 2025 жылғы 21 ақпанда уәкілетті орган жаңа Қабылдау ережелерін бекітті. Тұжырымдама аясында алғаш рет ғылыми-педагогикалық магистратураға қабылдау көзделді. 2025 жылғы қаңтардан шілдеге дейін Жоғары Сот Кеңесінің тікелей қолдауымен мақсатты аудиторияны қамтыған ауқымды ақпараттық-түсіндіру кампаниясы жүргізілді. Бұл жайында ҚР Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясының вице-ректоры Қанат Мусин ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.

12:00Жаңалықтар

Сот төрелігі академиясында криминалистикалық полигон құрылды

2025 жылғы 10 сәуірде ҚР ҒЖБМ Ғылым комитеті Сот төрелегі академиясын ғылыми қызмет субъектісі ретінде аккредиттеді. Бұл – Академияның жоғары ғылыми әлеуетінің мойындалуы және оның еліміздің сот жүйесін дамытудағы рөлін арттырудағы маңызды қадам. 2025 жылғы 14 шілдеде ҚР ҒЖБМ Ғылым комитетінің бұйрығымен «Сот төрелігі академиясының хабаршысы» ғылыми журналы ұсынылатын басылымдар тізіміне енгізілді. Бұл – журналдың талаптарға сәйкестігін және құқық пен сот тәжірибесі саласындағы ғылыми зерттеулерді жариялауға арналған беделді алаң екенін растайды. ҚР Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясының вице-ректоры Қанат Мусин ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында осылай деді.

11:50Жаңалықтар

Сот төрелігі академиясы «Құқық» бағыты бойынша докторантура бағдарламасын жүзеге асыру үшін мемлекеттік лицензия алды

Мемлекет басшысы 2024 жылғы қазандағы Қазақстан судьяларының IX съезінде сөйлеген сөзінде сот мамандарын іріктеу және құзыретін күшейтуге баса мән беру қажет екенін айтқан. Ол Жоғары Сот Кеңесі дербес әрі кәсіби судьялар корпусын қалыптастырудың кепілі болуға тиіс екенін атап өтті. Осы міндеттерді орындау мақсатында, 2025 жылғы ақпанда Сот төрелігі академиясын 2025–2027 жылдарға даму тұжырымдамасы қабылданды. Академияның вице-ректоры Қанат Мусин ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында айтып өткендей, бұл стратегиялық құжатта Жоғары Сот Кеңесінің қызметінде, сот жүйесінде, процессуалдық және материалдық заңнамаларында жүргізіліп жатқан реформалар, сондай-ақ сот практикасын жетілдіруді ескере отырып, Сот төрелігі академиясын дамытудың негізгі бағыттары көрсетілген.

11:40Жаңалықтар

297 мыңнан астам қазақстандық Skills Enbek платформасында оқытылды

2025 жылдың басынан бері 297,4 мың азамат, оның ішінде 47,5 мыңға жуық жұмыссыз Skills Enbek кәсіптік оқыту платформасында онлайн-курстардан өткені туралы сертификаттар алды. Платформада барлығы 827,6 мың қазақстандық тіркелген, оның 328,9 мыңы – 2025 жылы тіркелді. Бұл ретте платформа жұмысының барлық кезеңінде 708,3 мың адам оқудан өтті, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

10:52Жаңалықтар

Ұлттық жобаның орындалу барысы туралы: «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту»

АҢДАТПА!

10:02Баспасөз хабарламалары

Enbek.kz порталында жасанды интеллект 50 мыңнан астам бос жұмыс орны бойынша ұсыныс берді

Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру аясында ағымдағы жылдың сәуір айында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Enbek.kz» электронды еңбек биржасында жасанды интеллект көмегімен жұмыс іздеушілер үшін бос жұмыс орындарын автоматты түрде анықтау функционалдығын жүзеге асырды. 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 50 мыңнан астам ұсыныс жасалды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

10:00Жаңалықтар

200 мыңнан астам педагог жасанды интеллектіні қолдануға арналған тегін курстан өтті

Қазақстандық педагогтердің цифрлық сауаттылығын арттыруға бағытталған оқыту бағдарламасы жалғасуда. Жаңа оқу жылында 200 мыңнан астам мұғалім жасанды интеллектіні білім беру процесінде тиімді пайдалану бойынша курстан өтіп, оның 140 мыңға жуығы куәлік алды. Әсіресе, Шымкент қаласы, Түркістан және Жамбыл облысының педагогтері белсенділік танытты. Қатысушылардың басым бөлігі – бастауыш пәні мұғалімдері, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.

09:02Президенттің тапсырмалары