Астанада «Esirtkisiz QAZAQSTAN» атты республикалық конференция өтті. Бұл бастама Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қауіпсіздік кеңесінің отырысында берген тапсырмалары аясында ұйымдастырылды. Президент ол жерде наркотизм ел болашағына төнген қатер екенін ерекше атап өтті, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.